"Сорос-Қазақстан" қоры жабылып, қайтадан ашылып жатыр

Сорос-Қазақстан қоры CAPS Unlock орталықазиялық сараптама орталығына айналғаны хабарланды

Орал Кайрат

  • 04.04.2023

Ұйым таратқан ақпарат бойынша, жаңа сараптама орталығы енді Орталық Азия елдеріндегі проблемаларды шешу үшін аймақтағы зерттеушілерді біріктіруді жоспарлап отыр.

28 жылдық жұмысынан кейін Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) CAPS Unlock (Central Asian Policy Studies) Орталық Азиядағы проблемаларды шешуге тиімді амалдар ұсынуға арналған сараптама-аналитика хабына айналмақ.  

CAPS Unlock қолданбалы зерттеулер жасап, күрмеуі шешілмеген мәселелер төңірегінде пікірталастар ұйымдастырады. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, цифрлық демократия, білім беру, климаттың өзгеруі, Орталық Азияның геосаяси және геоэкономикалық келбеті секілді салалар қамтылады. Сонымен қатар бірегейлік, тарихи естелік және аймақтағы колониал өмірдің салдары секілді проблемалар да назарда болады. Орталық технологиялық тенденцияларды зерттеп және ескеріп, оның маңызды салаларға ықпалын болжайды. Орталық зерттеулерінің тақырыптық бағыттары аймақтағы ашық қоғамның дамуы үшін маңызды мәселелер бойынша анықталады- дейді ұйым таратқан ақпаратта.

CAPS Unlock диалог алаңын дамыту, сапалы зерттеулер жүргізу және ұсыныс дайындау, сонымен қатар аймақтағы сараптамалық қауымдастықты нығайту арқылы Орталық Азиядағы ашық қоғам құруды қолдауды өзінің миссиясы санайды екен.

«Аймақтық аналитикалық орталық (think tank) құру Ашық қоғам қорлар желісінің жаһандық өзгеруінің бір бөлігі саналады. Қолданбалы зерттеулер, ұсыныстар кризисті және пост-кризис кезеңдегі проблемаларды шешудің ең жақсы жолын табуға бағытталған. Пандемия, соғыс және басқа да факторлардың ықпалымен болған жаһандық дағдарыс  халықтың өмір сапасына да әсер ететіні сөзсіз және ең біріншіден халықтың осал тұстарына ықпал етеді. CAPS  Unlock ұсыныстары қоғамның осы сегменттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайды».

Бұл орталық БҰҰ мен ЭЫДҰ секілді халықаралық институттармен әріптес болуға дайын екен. CAPS Unlock аймақта да, Еуропа, Солтүстік Америка мен Азия елдеріндегі аналитикалық орталықтармен де әріптестік орнатпақ.

Ұйымның қамқоршылық кеңесіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы беделді сарапшылар кіріпті:

Гүлнора Бекназарова, әлеуметтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, «Зеркало» ҚҚ директоры, Тәжікстан;
Жұлдыз Смағұлова, PhD, филология ғылымдарының кандидаты, КИМЭП университеті білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, Қазақстан;
Медет Тюлегенов, PhD, саясаттанушы, Орталық Азия университеті «Азаматтық қоғам бастамалары» орталығының бас ғылыми қызметкері;
Юлий Юсупов, экономист, Center for Economic Development директоры, Өзбекстан.

Аида Айдарқулова, CAPS Unlock атқарушы директоры:

«Орталық Азия елдерінің бәрі мұхитқа шыға алмайтыны белгілі: әйтседе бұл біздің зерттеушілердің әлемдік ойларға, дебаттар мен сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндігін арттырады деген сенімдеміз. Осы мақсатта біз аймақты алаңдататын проблемалар бойынша тәуелсіз зерттеулерді алға жылжытып, елдеріміздегі ғалымдар мен мамандарды әлемдегі басқа

әріптестерімен біріктіреміз, сарапшылар арасында онлайн және оффлайн форматта пікірталастар ұйымдастарымыз», - депті CAPS Unlock атқарушы директоры Аида Айдарқулова.

Ал CAPS Unlock тең құрылтайшысы, халықаралық саясаттанушы, Гарвард университетінің Дэвис-Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығының Орталық Азияны зерттеу жөніндегі бағдарламасының директоры Наргис Касенованың сөзі мынандай:

«CAPS Unlock орталық Азиядағы сарапшылар хабына және маңызды проблемалардың шешімін табу үшін білім мен пікір алмасатын кеңістікке айналғанын қалаймыз. Біз аймақта диалог, жаңа идеялар мен форматтар үшін барынша ашық, жергілікті және жаһандық сараптаманы тиімді біріктіретін жаңа типтегі аналитикалық орталық құруды мақсат етеміз».

Сорос-Қазақстан қоры 28 жылда денсаулық сақтау, білім беру және ғылым, адам құқықтарын қорғау, мемлекет қаржысының ашықтығы және есептілігі, халықтың осал топтарының мүддесін қорғау, баспасөз құралдарын, экономикалық реформаларды қолдау салаларында грант ретінде 100 миллионнан астам АҚШ долларын бөлген. Оның есептері ашық,  СҚҚ сайты мен «Сорос-Қазақстан қоры туралы деректер» құжатында жарияланған.  

Айта кетерлігі,  «Сорос қорын Қазақстан билігі жаптырды» деген сөз жалған екен. Ұйым өкілдерінің айтуынша, қор аймақтық сараптамаға айналуды ұзақ жылдан бері жоспарлаған және оны енді іске асырып жатыр екен.

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) туралы деректер

1. Қазақстанда «Ашық қоғам» институтымен дайындалған және қаржыландырылған Step by Step бағдарламасының қолдауымен 1996 жылдан бастап 50 000-нан астам бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, бастауыш сыныптарында оқу мүмкіндігіне ие болды.

2. 1998 жылы Қор қолдауымен негізі қаланған «Сорос-Алматы заманауи өнер орталығы» Қазақстан суретшілерінің жұмыстарын бүкіл әлемге танытқан және еліміздің өнер қайраткерлерінің басын біріктірген алаң болды.

3. Қор журналистика саласында білім беру жобаларын қаржыландыру арқылы тәуелсіз БАҚ-тарды қолдап келеді. Бүгінде 2005 жылдан бері 700-ге жуық журналист оқудан өтті.

 4. Жазылмайтын ауруға шалдыққан жандарға күтім көрсету мәселесіне «Ашық қоғам» институттарының басым деңгейде назар бөлуі 2013 жылы ел үкіметі тарапынан паллиативті көмек көрсетудің ұлттық стандарттарын қабылдау шешіміне түрткі болды.

 5. Қордың ҮЕҰ, өндіруші өнеркәсіп және үкімет арасындағы ынтымақтастықты қолдауы арқасында 2005 жылы Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасына (ИПДО) қосылды.

6. 2011 жылдан бастап СҚҚ қолдауымен елімізде бюджеттің ашықтығы мен қоғамның жергілікті деңгейде бюджет процесіне қызығушылық таныту деңгейін жергілікті бюджеттің ашықтық индексі арқылы бағалай бастады.

7. 2008 жылы СҚҚ қолдауымен жасөспірімдерге қатысты арнайы әділ сот жүйесі дайындалды. Бұл Қазақстанда құқықтық жүйесінің дамуының маңызды межесі болды.

8. 1996–2004 жылдары СҚҚ «Дебаттар» бағдарламасын жүзеге асырды. 2020 жылы бұл бағдарлама жалпыұлттық «Ұшқыр ой алаңы» оқушылар дебат қозғалысы жобасының негізін қалады. Енді ел мектептері мен ЖОО-ларда дебат орталықтары мен клубтары құрыла бастайды.

9. Қорда 2011 жылдан бері қоғамдық саясат, мемлекеттік қаржының ашықтығы, адам құқықтарын қорғау және медиа саласында сарапшылардың әлеуетін дамыту бойынша бірқатар жобалар бар. Бүгінде елімізде 300-ден астам түлек жұмыс істеуде.

10. СҚҚ 28 жыл ішінде денсаулық сақтау, білім беру, адам құқықтарын қорғау, мемлекеттік қаржының ашықтығы мен есептілігі, халықтың осал топтарының мүдделерін қорғау, БАҚ-ты қолдау салаларында 100 миллион АҚШ долларынан астам грант бөлінді.

11. Сорос-Қазақстан қоры 28 жыл ішінде өткізген қаражаттың жалпы көлемінің үштен бірінен астамы білім беруге бағытталған.

12. Ұзақ жылдар бойы Сорос-Қазақстан қорының командасы ЖОО-ның оқу бағдарламаларын жетілдіруге және жас оқытушылардың біліктілігін арттыруға, үздік оқытушыларды аударуға және гуманитарлық пәндер бойынша жаңа оқулықтар жасауға бағытталған.

 13. Мектеп пен академиялық қоғамның қормен ынтымақтастығы пікірталас мәдениеті мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға, азаматтық білім беру бойынша оқу құралдарын шығаруға және таратуға әкелді.

14. 2011 жылы Сорос-Қазақстан қоры серіктестердің көмегімен мүгедектігі бар адамдар үшін тегін киносеанс ұйымдастырды, ол қалалық ортаның қолжетімділігі және осы әлеуметтік топтың құқықтары туралы ауқымды пікірталасты бастады.

15. Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі бағдарлама жұмыс істеген жылдары қор командасы паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық стандартын қабылдауға жәрдемдесіп, ақыл-ой кемістігі бар адамдарды қабылдау парадигмасын өзгертуге қол жеткізді.

фото:іnformburo.kz