Танашеваның депутаттық мандаты Асылбек Нұралинге берілді

Магеррам Магеррамов партияласы Гаухар Танашеваның депутаты өкілеттігі неге Асылбек Нұралинге берілгенін түсіндірді

Malim Админ

  • 15.01.2025

Күні кеше Қазақстан Халық партиясының атынан сайланған депутат Гаухар Танашеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, орнына бүгін  Асылбек Нұралин жұмысқа кірісті. Мәжілістің жалпы отырысында ол  депутат ретінде ант берді.


Мәжілістегі фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов партияластар неге алмастырылғанын түсіндірді.

23 желтоқсанда партиялық бюро отырысы өткен болатын. Сол кезде ротация мәселесі қаралды. Депутат Г.Танашеваның мандатын қайтарып алдық. Оның орнына партиялық тізім бойынша Асылбек Нұралин келді. Бұл қандай да бір жеке мәселелермен байланысты емес. Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтардың жылы ретінде жариялады. Асылбек Жамашұлы – металлургтердің ірі кәсіподағының басшысы, - деді ол журналистің сұрағына берген жауабында. 

Сондай-ақ, ол ротацияға неге дәл Гаухар Танашеваның іліккені белгілі болды.

Партия сондай шешім қабылдады. Ол партияның орталық аппаратында жұмысын жалғастырып, әлеуметтік жобалармен айналысады, - деді Магеррам Магеррамов.

Айтуынша, бұл ротация Гаухар Танашеваның келісімімен іске асқан.

- Әрине, оның келісімі бойынша жасалды. Бұл ротация қалыпты, заңды процесс. Г.Танашева өзінің Мәжілістегі жұмысын атқарып шықты, - деді Магеррамов. 

Фото: Мәжіліс  

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады