Тараздағы жарылыс: «Мына түрімізбен мемлекеттіліктен айырыламыз»

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 27.08.2021

Тамыздың 26-ы күні Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери оқ-дәрі қоймаларының бірінде жарылыс болып, салдарынан бес адам көз жұмып, алпыстан астамы жарақат алды. Дәл осыған ұқсас жағдай екі жыл бұрын Арыс қаласында болған. Ол кезде де оқ-дәрі сақталған қойма жарылған. Арыс оқиғасы кезінде қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылысты табиғи жағдайға балап, халықтан ешқандай кешірім сұрамайтынын айтқан. Оқ-дәрі қоймаларының жиі өртке орануы министр айтқандай, табиғи оқиға ма, жоқ әлде оның өзге де себептері бар ма? Бүгін біз осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көруді жөн санадық.  

«ЖАРЫЛЫСТЫҢ СЕБЕБІ ҰЖЫМДЫҚ ЖАУАПСЫЗДЫҚ ПЕН ТӘЖІРИБЕСІЗДІК»

Отставкадағы полковник, саясаттанушы Әзімбай Ғали ай мен күннің аманында әскери қоймалардың жарылуын тәжірибесіздік пен жауапсыздық салдары деп есептейді. Оның сөзінше, бұның барлығы мемлекеттің меншігіне қалай болса солай қараудың нәтижесі.

«Жарылыстар тәжірибесіздік пен жауапсыздықтан болып жатыр. Бұл қорғаныс министрлігінің жауапкершілігінің төмендігі. (Оқ-дәрі қоймасы –ред) мемлекеттің меншігі. Ол меншік қазір біздің елде ешкімдікі емес болып тұр. «Ұзаса сөгіс береді, болды» деген түсінік бар қазір. Өз меншігі болса оны қорғаштайтын еді», - дейді Ғали.

Тіркелмеген Демократиялық партия ұйымдастыру тобының жетекшісі Жанболат Мамай соңғы екі жылда екі бірдей жарылыстың болуын жемқорлық пен қорғаныс саласын басқарып отырған адамдардың тәжірибесіздігімен байланыстырады. Оның пікірінше, министр болып өз ісінің мамандары емес, экс-мемлекет басышысы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақын адамдар тағайындалуда. Салдарынан кез келген салада осындай жағдайлар орын алуда.

«Екі жыл бұрын Арыста болған оқиға биыл Таразда қайталанып отыр. Бұл бірінші қорғаныс саласының үлкен жемқорлыққа батқанын, жауапсыздықты және генералдардың салғырттығын көрсетеді. Ешқандай тәртіп, жауапкершілік жоқ. Орталық Азияда қорғаныс саласына ең көп қаражат бөлетін мемлекет Қазақстан. Ол қаржы қарапайым сарбаздарға, әскери салаға жетіп қатқан жоқ деп ойлаймын. Бұл кешенді мәселе. Мысалы, қорғаныс министрін тағайындайтын Назарбаев пен Тоқаев. Олар оның қабілетіне, біліміне немесе тәжірибесіне қарап емес, белгілі бір кландарға жақындығына, параны көп алатындығына қарап тағайындайды. Қарап отырсаңыз, қорғаныс министрі Ермекбаевтің өзі ешқандай әскери адам емес. Бұл саланы басқаруға оның біліктілігі де, білімі де жетпейді. Бұған дейін әскери салаға ешқандай қатысы жоқ Жақсыбеков, Даниал Ахматов сияқты адамдар қорғаныс саласын басқарды. Бұдан кейін әрине оның арты осындай апаттық жағдайларға алып келеді», - дейді Мамай.

«МЫНА ТҮРІМІЗБЕН МЕМЛЕКЕТТІЛІКТЕН АЙЫРЫЛАМЫЗ»

Жанболат Мамайдың сөзінше, қазіргі қорғаныс саласы мен әскер елді қорғауға қауқарсыз. Ол егер жағдай оңалмаса Қазақстан мемлекеттілігінен айырылып қалуы мүмкін деп есептейді.

«Бұл мемлекетке төніп тұрған үлкен қатер. Мына әскер мен қорғаныс саласының елді қорғауға шамасы жетпейді. Қазақстанға атом электр станциясын саламыз дейді. Егер оны салса, онда ол қандай апатқа алып келер еді. Біз қарапайым әскери қоймаға ие бола алмай отырмыз», - дейді Мамай.

«БҰРЫНҒЫ ЗАМАН БОЛСА 10-15 АДАМНЫҢ АЛДЫҢҒЫСЫН АТЫП, СОҢҒЫСЫН СОТТАР ЕДІ»

Әзімбай Ғалидің сөзінше, аппатты оқиға үшін бұрындары жауапты адамдарды ату жазасына дейін кескен. Бірақ дәл қазір Тараздағы жарылысқа байланысты жазалау қатты болмайды дейді. Ол ары кетсе бір адам жазаға тартылады деп есептейді.

«Баяғыда болса оншақты адамды диверсия жасады деп алдыңғысын атып, соңғысын отырғызар еді. Мына жерде ондай ешнәрсе болмайды. Ары кетсе екі-үш адамды, әтпесе, бір адамды ғана жазалайды. Қалғандарына сол қатаң сөгіс жариялайды. Осы оқиғаға байланысты бір кешенді шараларды қолданғандай болады. Бірақ одан ешнәрсе өзгермейді», - дейді Ғали.

Жанболат Мамай бұл жолы қорғаныс саласына жауапты адамдар жазадан құтылып кетпеуі керек дейді. Оның сөзінше, мәселені шешу үшін күрделі реформа қажет.

«Қорғаныс саласына жауапты генералдар тағы да құтылып кетпеуі керек. Тікелей жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бірақ бұл да бірнәрсені бірден өзгертіп жібермейді. Үлкен, кешенді реформа қажет қорғаныс саласына. Бірінші кешекті жемқорлықпен күресу қажет», - дейді Мамай.

Мақала жазылу барысында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев БАҚ өкілдеріне жарылыстың салдарымен күрес аяқталғаннан кейін өз еркімен отставкаға кетуге өтініш жазатынын, оны қабылау, қабылдамау мәселесін жоғары басшылық шешетінін айтты.  

Фото: Әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

06.10.2024

Референдум-2024: Президент дауыс берді

06.10.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын құттықтады

05.10.2024

Тараз полицейлері суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

02.10.2024

Астанадағы дәмханада болған газ баллоны жарылысы туралы толық мәлімет берілді (ВИДЕО)

28.09.2024

Астанада дәмханалардың бірінше газ баллоны жарылды (ФОТО)

28.09.2024
MalimBlocks
«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

Ол «Астана Опера» театрының ғимаратында таңдау жасады

Референдум-2024: Президент дауыс берді

Одан соң журналистерге брифинг өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын құттықтады

Мемлекет басшысы педагогтерге жасалып жатқан жағдайларға тоқталды

Тараз полицейлері суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

Астанадағы дәмханада болған газ баллоны жарылысы туралы толық мәлімет берілді (ВИДЕО)

Өрт сөндірушілер тағы 4 баллонды сыртқа алып шыққан

Астанада дәмханалардың бірінше газ баллоны жарылды (ФОТО)