Тоқаев Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Арман Қайыпхан

  • 20.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысының айтуынша, нақты уағдаластықтарға қол жеткізу, сондай-ақ Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан аталған сапар нәтижелі болды. 

Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты атады. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200 миллион долларға жетті, осы жылдың алғашқы тоқсанында тауар айналымы 37 пайызға өсті.

Қазақстан экономикасына құйылған мажар инвестициясы 370 миллион доллардан асты. Қазір екі ел машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында 16 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың құны 700 миллион долларға жуықтайды.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ертеңгі бейресми саммитінің маңызына тоқталып, еліміз ТМҰ қызметінің барлық басым бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға бейіл екенін растады.

Өз кезегінде Виктор Орбан сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-мажар қатынастарының орнықты әрі қарқынды сипат алғанына назар аударды. Мажарстан Премьер-министрі соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастық, әсіресе, экономика саласында белсенді дамып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар саммитті ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде былтыр жоғары деңгейде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, соның ішінде энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың орындалу барысы талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Будапештке жетті

20.05.2025

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

20.05.2025

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

20.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Будапештке жетті

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Тоқаев Мажарстанға барады