Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Сұлу Бөлек

  • 01.05.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

"Құрметті отандастар!

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам. Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жасампаз мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін жұмылдырып, болашаққа сеніммен қадам басып келеді.

Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісімде, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы бірегей ұйым әуел бастан еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың жаршысына айналды. Ассамблея азаматтарымыздың өзара құрметі мен ырысты ынтымағына сүйеніп, ұлтты ұйыстыруға елеулі үлес қосып келеді.

Халқымыздың ауызбіршілігі мен тілеулeстігінің арқасында мемлекетіміз дамып, қолға алынған ауқымды реформалар табысты жүзеге асырыла береді. Еліміз теңдікке, өзара сенімге және мәдени әралуандылықтың жасампаз әлеуетіне арқа сүйеп, ел бірлігін одан әрі нығайта түседі.

Біз жұрт болып жұмыла білсек, кез-келген сынақты еңсеріп, биік белестерді бағындырамыз.

Ұлтымыздың арман-мұраты – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз.

Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын!" - деді ол. 

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

30.04.2025

Тоқаев Тілеухан Қабдрахмановті марапаттады

30.04.2025

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

29.04.2025

Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

28.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Тілеухан Қабдрахмановті марапаттады

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты