Тоқаев: Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.

Берік Дәулетов

  • 04.06.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді.

Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.

Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз.

Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы байрағымыз аспандаған сайын ұлт мерейі асқақ болатынын айтып, туды тәуелсіздігіміздің тұмары әрі ынтымағымыздың бастауы деп атады.

Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылған. Бірлігін бекем ұстаған, елі мен жерін қорғаған. Байтақ даланы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мирас еткен. Сол аманатқа адал болу – ұрпақтың ұлы мұраты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген