Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

Сұлу Бөлек

  • 01.04.2025

Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты. 53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген.

Жоспарда Президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты қадамдар көзделген.

Мемлекет басшысының гуманитарлық бастамаларын жүзеге асыру үшін:
● «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу;
● Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту;
● Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарын қабылдау,
● Ұлттық цифрлық архив құру;
● бизнес өкілдерін тарта отырып аймақтарда театрларды салу және дамыту, сондай-ақ ұлттық театрларға қолдау көрсету;
● Шетелде Абай институтын ашу;
● Халықаралық биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қарастырылған.
Ал әлеуметтік-экономикалық жобалардың ішінен мыналарды атап өтуге болады:
● «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды жалғастыру, үш жылда 1300 мектепті жаңғырту;
● ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған заманауи оңалту орталықтарын ашу, әрбір облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру;
● Өңірлерді дамыту тұжырымдамасына қатысты тың тәсілдерді енгізу;
● 2025-2026 жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолын салу және жаңғырту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру және жаңа аэровокзал кешенін салу;
● алдағы төрт жыл ішінде елімізде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жобаны іске қосу.

Сонымен қатар, шекара маңындағы аудандарды дамыту, ғылым қалашықтарын құру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы жеке заңдар қабылданады.

Жалпы, Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамалары мен берген тапсырмалары мемлекеттік органдар үшін де, бүкіл қоғам үшін де еліміздің ұзақ мерзімге арналған даму бағдарын айқындайды.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады