Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

Арман Қайыпхан

  • 08.05.2025

Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайында айтты. Президент Қазақстаннан майданға 1,2 миллион адам аттанып, олардың жартысы ерлікпен қаза тапқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар белгілі себептерге байланысты осы уақытқа дейін екіжақты ынтымақтастық ойдағыдай өрістемегеніне назар аударды.

Осы орайда Николас Мадуроны өзара ықпалдастықты талқылау үшін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. 

Венесуэла Президенті екі ел арасындағы байланыстардың жай-күйін пысықтауға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің жаһандық маңызы зор. Николас Мадуро Кеңес Одағының құрамында болған халықтар Жеңіске жету жолында негізгі рөл атқарғанына тоқталды.

Әңгімелесу барысында экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мән берілді. 

Кездесу қорытындысы бойынша сауда-саттықты жандандыру мақсатында экспортқа лайық өнімдердің тізбесін әзірлеу және өзара алмасу, екі елдің іскерлік орталары арасында нақты ықпалдастық орнату жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Фото: Ақрода

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

08.05.2025

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

07.05.2025

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

07.05.2025

Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

05.05.2025

АҚШ тарихындағы ең беделсіз президент анықталды

28.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады

АҚШ тарихындағы ең беделсіз президент анықталды