Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Сұлу Бөлек

  • 23.05.2025

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді.

  • Кейінгі екі жылда балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың, суицидтің және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында бірқатар шара қабылданып, бағдарламалар мен заңдар әзірленді. Аталған жұмыс аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен заңнамаға 120 түзету енгізілді.
  • биыл 13 өңірдегі және 73 елді мекендегі ахуалға мониторинг жүргізілгенін, соның ішінде 272 мекемедегі балаларға жасырын сауалдама жасалғанын, 173 отбасыда тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің жағдайымен танысқанын айтты. Тексеріс қорытындысы бойынша бала құқықтарын қорғауға қатысты қабылданған заң нормаларын бұзған 171 дерек анықталған.
  • аймақтардағы 112 отбасылық қолдау орталығының тиімді жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен балалар құқығын қорғау мақсатында ашылған болатын.

Облыс әкімдіктері жанынан бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құру жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ олардың қызметін айқындайтын заң жобасы әзірленіп жатыр.
Қазір «Қазақстан халқына» қоры серіктестерімен бірге 49 оңалту орталығын ашты. Бұл мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетіледі.
Кездесуде «Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірлеу, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау мәселелері талқыланды.
 Президент:

  • бала құқықтарын қорғауға кепілдік беру жүйесін нығайтып, жеткіншектерді жан-жақты қолдау тетігін қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік уәкілдердің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екеніне назар аударды;
  • мектептердегі инклюзивті білім беру ісін дамытуды көздейтін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

23.05.2025

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

23.05.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

23.05.2025

Білім беру реформалары еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырады

22.05.2025

Ұлттық құрылтай құрамында өзгеріс енгізілді

22.05.2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
MalimBlocks
Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Білім беру реформалары еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырады

3 1000-нан астам мектеп цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалана бастады

Ұлттық құрылтай құрамында өзгеріс енгізілді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты