Трамптың сауда соғысы әлем экономикасына қауіп төндіруі мүмкін

Malim Админ

  • 04.02.2025

ВВС агенттігі «Трамптың бәріне қарсы соғысы» деген мақала жариялады. Мақалада Дональд Трамптың әлем бойынша сауда соғысын бастауға кіріскені туралы айтылған. Оның жаңа тарифтері алғашқы кезеңде енгізген тарифтерінен (алғаш Президент болған кездегі тарифтерінен) бес есе көп және олар АҚШ-тың барлық импорттық тауарларының 44% -ын қамтиды. Бұл тарифтер кезең-кезеңімен емес, бірден енгізіледі.

Трамптың Канада мен басқа да елдерге қарсы әрекеттері көбінесе экономикалық және саяси мақсаттармен түсіндіріледі. Мысалы, Канадаға қарсы тарифтерді енгізу оның президенттік өкілеттігін нығайтуға бағытталған болуы мүмкін дейді сарапшылар. Сонымен қатар, Трамп Канададан АҚШ үшін қажетті мұнай мен табиғи ресурстарды көбірек алуды көздейді.

Мақалада Канада Америкамен ең жақын серіктес саналып келгенімен, Трамптың қазіргі шешімдері бұл елді Қытаймен теңестіргені айтылған. Яғни, Канада Қытай секілді қарсылас елдердің қатарына енген. 

Тарифтік соғыстар Трампқа халықаралық саясаты мен ішкі экономикасына әсер ету үшін маңызды болуы мүмкін. Сауда соғыстары арқылы ол авторитарлық билігін нығайтып, халықты сыртқы «қаскөйлермен» күресуге жұмылдыруды көздейді.

Бұл жағдай 1930 жылдары басталған сауда соғыстарына ұқсайды. Сол кезде Америкада қабылданған тарифтік шаралар Ұлы депрессияға алып келіп, кейінірек екінші дүниежүзілік соғысқа әсер етті.

Жалпы алғанда, Трамптың сауда соғыстары әлемдік сауданың еркіндігіне үлкен қауіп төндіріп тұр дейді мақала авторы.

Фото: Reuters

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады