Жер кодексінің қабылдануы жаңа саяси дағдарысқа әкелуі мүмкін

Malim Админ

  • 26.06.2021

2001 жылғы қараша айында ҚДТ қозғалысының дүниеге келуімен басталған саяси дағдарыс Жер кодексінің қабылдануымен онан әрі тереңдей түсуі ықтимал. Жер кодексі жобасының негізгі идеясы – жерге жекеменшік енгізуді республика халқының басым көпшілігі қолдамай отыр. Осыны сезген Мәжіліс депутаттары кодекс жобасын бір жылға жуық талқылап, сөзбұйдаға салып көргенімен, жоғарғы биліктің тегеурінді қысымына шыдамай, соңғы екі айда оны асығыс, бар-жоғы төрт күн талқыға салып, ақырын екінші оқылымында қабылдап тынды.

Мәжілістің негізгі осалдығы – күн тәртібінен жерге жекеменшік енгізу идеясын алып тастай алмады, оның есесіне Үкімет ұсынған жобадағы жекелеген баптарға әртүрлі өзгерістер енгізіп, үкімет ұсынған жаппай жер сату науқанына өзінше тосқауыл қойғандай болды. Сөйтіп Үкімет ұсынған жоба жарым-жартылай жырымдалып қабылданды да, Сенат құзырына ұсынылды. Бұны «Біздің қолымыздан келгені осы болды..» деп Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай мұңая мойындады.

Мәжілістің тура қарсы шықпай астарлы айласын асырғаны сезген Үкімет бірден шорт кетті. Өзінің Мәжіліске қарсы шабуылға шығатынын білдірді. Мәжіліс қабылдаған Кодекс жобасының Үкіметке ұнамағаны жер сату көлемінің шектелуі, субаренданың 2007 жылға дейін сақталуы, жердің сол жерде еңбек етіп жатқандарға тегін берілуі және осы сияқты шектеулер. Жерді бірден және жаппай саудаға салуды көздеген Үкімет бұл өзгерістерді қабылдамайтынын білдірді.

Қазір Үкімет алдында екі түрлі жол бар: оның біріншісі – Мәжілісті өзіне яғни Үкіметке сенім білдіруін талап ету. Бұндай жағдайда депутаттардың үштен-екісі Үкіметке сенім білдірмесе, онда Үкімет орнынан кетеді, егер бұл ұсынысқа депутаттардың үштен-екісі дауыс бермесе, онда Үкімет ұсынған жоба сол қалпында қабылданған болып есептеледі, ал Мәжіліс тарайтын болады.

Екінші жол – Мәжіліс ұсынған Кодекс жобасын Сенат арқылы өзгеріске ұшыратып оны Мәжіліске қабылдату. Одан соң Парламентке өзіне керекті өзгертулер мен толықтырулар ұсынып, бірте – өздері қалаған Жер кодексін дүниеге әкелу.

Бірінші жол Үкімет үшін қауіпті болғанымен арманына тез жеткізетін жол. Егер президент Үкіметті түбегейлі қолдап, депутаттарға тиісті қысым жасауға уәде берсе, онда Үкімет бұл жолды алаңдамай-ақ таңдап алатыны сөзсіз.

Екінші жол қауіпсіз болғанымен ұзақ уақытқа созылатын, өзара жеңіл-желпі текетіресті қажет ететін, салғыласуы, саудаласуы мол саяси күрес.

Жер сату идеясы президент тарапынан жыл бойы насихатталып келгенін ескерсек, оның бұл мәселеде Үкімет тарапынан қолдайтыны белгілі, ендеше Парламентке қауіп төнді деуге әбден болады.

2001  жылдың қарашасында басталған саяси дағдарыстан халық назарын шұғыл аудару үшін ойлап табылған Жерге жекеменшік еңгізу идеясы ақыры аяғында билік басындағыларды саяси дағдарыстан құтқарудың орнына айналдырып әкеліп жаңа дағдарысқа ұшыратайын деп отыр.

Батырхан ДӘРІМБЕТ

«Азат» газеті, 7.05.2003 жыл.

Фото: vlast.kz


 

Байланысты жаналықтар

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

27.04.2025

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

25.04.2025

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

25.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025
MalimBlocks
«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

Франция президенті Путиннің жалған сөйлеп отырғанын айтты

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді