Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда балаға төленетін әлеуметтік төлемнің 8 түрі бар

Сұқбат
Қазақстанда балаға төленетін әлеуметтік төлемнің 8 түрі бар

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ауыл» ХДПП белсендісі Анас Баққожаев: «Ел аманаты» сауалнамасында жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру қарастырылған. Елімізде жәрдемақының әр балаға төленуін талап ету. Бұл өте өзекті мәселе", - деді. Оның айтуынша, Қазақстанда балаға төленетін әлеуметтік төлемнің 8 түрі бар. Қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ халық шатасып жатыр.

«Сонымен қатар, тағы да бір маңызды жайт - төлемақы деңгейі. Елімізде бала туғаннан кейін төленетін ақша әлемдік дамыған мемлекеттермен салыстырғанда екі есе төмен. Әр министрлікте, әкімдіктерде, облыстарда қажетсіз бюджеттік бағдарламалар өте көп. Солар арқылы үнемдеп, ақшаны осындай әлеуметтік бағдарламаларға бағытталуы керек. Төлем деңгейін көтеру керек» , -деді Баққожаев.

Спикердің атап өтуінше, көп балалы отбасыларының үштен екісі ауылда. Осыны ескерсек жәрдемақы бағытында нақты шешім қабылдау керек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу