«Әбестік деп санаймын». Айгүл Иманбаева енелерге ақыл айтты

Иманбаева ақылы бар ата-ана келінімен дос болады деп санайды.

Сабина Асқарқызы

  • 11.11.2024

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде енелерге үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz

Бүгін де өзім де келінмін. Ене болып та отырмын. Қоғамда келін мен ене тақырыбы қашан да өзекті. Көпшіліктен келіп жатқан «Келініңізбен қарым-қатынасыңыз қалай? Өзіңіз қандай келінсіз, қандай енесіз?» деген сұрақтарға жауап беруді жөн көрдім. Менің ойымша, ене болып аяқ астынан образға кіріп, бірден ақылгөйсіп, келінді тәрбиелеудің еш қажеті жоқ. Тәрбие 13 жасқа дейін баланың бойына сіңеді. 13 жастан кейін баланы тәрбиелемейді. Ақылы бар ата-ана онымен дос, сырлас болады. Менің келінім де өз отбасынан алған тәрбиесін бойына сіңірген адам. Ол менің баламмен бас қосты екен деп, аяқ астынан ене образына кіріп, ақыл айтуды әбестік деп санаймын, – деді әнші. 

Өнер иесі жас келінде емес, сол шаңырақта тұратын адамдар өздерін тәрбиелеу керек деп санайды. 

Қазақта «Санасына берсін» деген жақсы сөз бар. Әр бала өз отбасында қандай тәрбие көрді, соны өзімен бірге сенің үйіне алып келеді. «Менің балам – күшті, келінім – оңбаған» дейтін енелермен келіспеймін. Олай болмайды. Егер сен сондай келінді алсаң, ол жақсы болсын, жаман болсын, не өзің жақсысың, не өзің жамансың. Басқа шаңырақтан, басқа тәрбие көріп келген келін сенің үйіңе келгенде, сен өзіңді тәрбиелейсің. Егер ақылың болса. Оған ақыл айтып, жол көрсетіп, аяқ астынан ғұлама болудың қажеті жоқ. Бұл әрекет өте күлкілі әрі ақымақтық, – деді Айгүл Иманбаева.

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен