457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ішіп алып шу шығарған Жұбаныш Жексенұлы айыппұл төлейтін болды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жұбаныш Тоқсанбаевқа (халық арасында Жұбаныш Жексенұлы деген атпен танымал әнші) 78 640 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот материалдарына сенсек, осыдан төрт күн бұрын, 21 шілде күні түнгі сағат 00.30 шамасында Астана қаласының халықаралық әуежайында тұрған Жұбаныш Тоқсанбаев өзін видеоға түсіре бастаған әйелге балағат сөздер айтып, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған.

«Сот ол құқық бұзушылық жасағанын мойындап, сол сәтте эмоционалдық күйде болғанын, істеген ісіне өкінетінін және кешірім сұраған. Жәбірленуші әйел оқиғаны растаған әрі сотта құқық бұзу факті бейнежазба арқылы дәлелденген», - деп хабарлайды сот.

Бұндай бұзақылық жасаған адам заң бойынша 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамалады немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

«Сот істің мән-жайын, құқық бұзушының құқық бұзушылыққа дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындау мен шын жүректен өкінуін, жазаны ауырлататын мән-жайлар - құқық бұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасағанын ескере отырып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: instagram.com/jubanishjeksen/

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00