Әбілмансұр Серіков өзінің алғашқы фильмін түсірмек
Ол киноға кімдер түсетінін де айтты.
Отандық танымал актер Әбілмансұр Серіков көпшілікке қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі алдағы уақытта өзінің алғашқы фильмін түсіруге ниетті. Ал тырнақалды туындысына өзінің әкесі Әбунасыр Серіков те қатыспақ.
Көптеген кино түсіріліп жатыр. Блогерлер де, актерлер де түсіріп жатыр. Біз де солардың қатарынан қалмайық деп отырмыз. 35-ке де келіп қалыппыз. Құдай қаласа, қатардан қалмай, біз де бір нәрсе бастауымыз керек болып тұр. Жұрттың көңілінен, ойынан шығатын, эмоция шығаратын, кішігірім тақырыптарды көтеретін дүние жасау жоспарда бар. Фильмде Әбунасыр Серіков, Қобыланды Болат, Олжас Абай, Шерхан Пірназар, көптеген замандасым болады. Жақсы касса жинаймын деп ойлаймын, - деді ол Revue News бағдарламасында.
Фото: ©instagram.com/serikovmansur