Ләйлә Сұлтанқызы анасының қандай қиындықтардан өткенін айтты

Ол анасының арқасында әжеге, әкеге деген құрметті көріп өскенін алға тартты.

Сабина Асқарқызы

  • 17.02.2025

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сұлтанқызы анасын көзі тірі кезінде қуантқысы келетінін алға тартты.

Менің жұлдызым – Дишинкам. Біріміздің анамыз қасымызда, біріміздікі жоқ… Қадірін ана болғанша біле де, түсіне де бермейтініміз тағы бар. «Соңғы кезде мамаңызды көп көрсетесіз, көзінде мұңы бар, әбден қиындық көрген-ау» деген пікірлерді оқып қаламын. Иә, расымен түрлі жағдайлар бастан өтті ғой. Қайсыбірін айта берейік. Өткен өмірді қозғай бергеннен не пайда? Көбіміздің ата-анамыздың тағдыры ұқсас қой. Қиындыққа қарамай өсірді, оқытты, жеткізді. Шүкір, тәуба. Алға ұмтылуымыз керек. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың бақытын көруді баршамызға нәсіп етсін. Ал қазір ыңғайы келсе, барынша анама көңіл бөліп, әр сәтін мәнді де сәнді қылғым келеді, деп жазды ол. 

Тележүргізуші өз сөзінде анасы енесінің қаталдығына да шыдағанын айтты. 

Менің анам 40 жыл енесімен тұрып, сол кісіге қызмет етіп, адал еңбекпен батасын алған келін деп сенімді түрде айта аламын. Әйтпесе әжем оңай кісі емес еді. Мінезді, шыншыл, адуынды болғаны сонша, кез келген адам шыдай бермейтін. Дишинкамның арқасында әжеге, әкеге деген құрметті, сыйластықты көріп өстік. Соған қатты қуанамын, деп жазды журналист.  

Фото: instagram.com/sultankyzy

 

Байланысты жаналықтар

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

15.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяров босатылды

10.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

09.04.2025

Шәріп Серік қол көтергенге емес, балағаттағаны үшін сотталған – журналист

07.04.2025
MalimBlocks
«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

Тележүргізуші ел күтпеген мәлімдеме жасады.

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяров босатылды

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы, қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

Шәріп Серік қол көтергенге емес, балағаттағаны үшін сотталған – журналист

Журналист Ильяс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің нақты мән-жайын жария етті