«Мінсіз еркек». Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты шындықты айтты

Оның сөзінше, үйлену тойы болмайды.

Сабина Асқарқызы

  • 27.02.2025

Желіде Динара Сәтжанның жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап берген сұхбаты тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тележүргізуішінің айтуынша, ол өзіне бақытты болуға мүмкіндік беріп көрген.

Мен өз өмірімді өзім үшін сүремін. Иә, менің балаларым бар және оларға бар қамқорлығымды көрсетіп, жағдайларын жасаймын. Бірақ өзіме де мүмкіндік бергім келеді. Әр адам бақытты болуы үшін, махаббатқа бөленуі үшін жаралған. Менің ойымдағы картинкада ақыл тоқтатқан жасымда сүйген азаматымның қолынан ұстап, теңіздің жағасында жүргенім бар. Одан кейін үйімізге барып оған тамақ істеп беремін, аспаздық блог жүргізуді елестетемін, деді ол.

Динара Сәтжан той жасамайтынын ашық айтты.

Той болмайды. Мен де 18 жасымда ақ көйлек киюді армандағанмын. Сол арманым толық орындалды. Керемет көйлек те, той да болды. Қазір оның барлығы маңызды емес екенін түсіндім. Сенің таңертең өзіңді қалай сезінуің маңызды. Менің қалауым – сүйген адамыммен бірге ұйықтап, бірге ояну. Онымен шай үстінде әңгіме айтып, энергия алмасқанға не жетсін. Өйткені тұрмыстағы қыздардың көбі бақытты емес, дейді тележүргізуші.

Медиа өкілі өзінің сүйікті адамын тапқанын сенімді айтты.

Мен өз көзқарасымдағы мінсіз еркекті кездестірдім. Оның ерекшелігі — мықтылығында. Ол менен не істеу керек деп сұрамайды. Ал маған артық сұрақ ұнамайды. Өзі шешім қабылдап әрекетін жасай берді. Мен маған барлық жағынан ыңғайлы адамды таптым. Мені сыйлайтын, маған бөгет болмайтын, әрқашан қолдау көрсететін адамым бар. Ол шығармашылықтан алыс. Шоу-бизнестегі барлығымен мен тек доспын. Динара Сәтжан сүйікті адамын тапты, деп түйіндеді Динара.

Айта кетейік, Динара Сәтжан Сарыағаштың келіні атанып, өз міндетін атқарып келген еді.

Фото: Instagram/dinarasatzhan

Байланысты жаналықтар

«Ештеңе күтудің қажеті жоқ». Жақында ғана тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан кеңес берді

07.04.2025

Енді қайын жұртымның атын шығарамын – Динара Сәтжан

04.04.2025

Динара Сәтжан алғаш рет күйеуін көрсетті

04.04.2025

Динара Сәтжан мешітте неке қидырған сәтін көрсетті

03.04.2025

Қазақша керемет сөйлемесем де, отанымды жақсы көремін - Динара Сәтжан

26.03.2025

"Көйлек керек". Динара Сәтжан үйлену тойына дайындыққа кірісті

22.03.2025
MalimBlocks
«Ештеңе күтудің қажеті жоқ». Жақында ғана тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан кеңес берді

Ол өз ісіңе адал болуға шақырды.

Енді қайын жұртымның атын шығарамын – Динара Сәтжан

Динара Сәтжан алғаш рет күйеуін көрсетті

Ол тегін де ауыстырған.

Динара Сәтжан мешітте неке қидырған сәтін көрсетті

Танымал тележүргізуші күйеуімен түскен суреттерін де жариялады

Қазақша керемет сөйлемесем де, отанымды жақсы көремін - Динара Сәтжан

Тележүргізуші арманын айтып, ағынан жарылды

"Көйлек керек". Динара Сәтжан үйлену тойына дайындыққа кірісті