Құдағиын туған күнімен құттықтаған Гүлзира Айдарбекова сынның астында қалды

Оқырман қауым продюсерден Жұлдыз Әбдікәрімованы неге шеттететінін сұраған.

Сабина Асқарқызы

  • 24.06.2024

Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова құдағиына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Айдарбекова екінші ұлы Аянның келіншегі Әйгерімнің анасын туған күнімен құттықтады.

Құдағиым, туған күніңіз құтты болсын! Қыздан жалғыз болса да, Айгерамызды кішіпейіл, инабатты, көркем мінезді етіп тәрбиелегеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Ұл-қыз, немерелердің қызығын бірге көріп, құдам екеуіңіз 100 жасап, Алла екі дүниенің бақытын көрулеріңізді жазсын! Біз сізді отбасымызбен жақсы көреміз! Менің сүйікті оқырмандарым, сіздерге де осындай құдағи тіледім. Сіздерден де құттықтауларыңызды, ыстық лебіздеріңізді күтемін! – деп жазды өнер иесі. 

Ал оқырман қауым неліктен тұңғыш келіні Жұлдыздың ата-анасына осылай құрмет көрсетпейтінін сұраған.

«Жұлдыздың ата-анасын аузыңызға да алмайсыз! Сіз оны туған қызыңыз болып, өзге әулетке келін етіп бергенде түсінер едіңіз! Тәрбиелі, кішіпейіл етіп дегенде, Жұлдызды меңзеп, тіл тигізгеніңіз байқалып тұр. Жұлдыз сізге шыдады, енді жеңілмес!», «Жұлдыз сіздермен барды да, жоқты да көрді. Жұлдыздың ата-анасы да жақсы адамдар, бөліп-жаруды қою керек, сөзбен тиісіп жазбай», «Жұлдыз бәрінен керемет», «Жұлдызға ерегесіп істеп жатыр», - деп жазған оқырман.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Байланысты жаналықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

29.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Торғайға гастрольдік сапармен барды

24.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

11.04.2025
MalimBlocks
Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

Актрисаның жасы ол кезде 11-де болған.

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Торғайға гастрольдік сапармен барды

Бұл туралы Мөлдір Мұқанова жазды

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

Продюсер отбасымен бірге демалысқа аттанған.