Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

Актрисаның жасы ол кезде 11-де болған.

Сабина Асқарқызы

  • 29.04.2025

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет кімнен гүл алғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz

Өнер иесі сол гүлдің иісін әлі күнге дейін ұмытпағанын алға тартты.

Жасым 11-де болса да, кешегідей есімде. 5-сынып оқушысымын. Біздің мектепте концерт өтетін болды. Мен сол іс-шараны жүргізбекпін. Есейіп қалдым деп ойлаған шағым болса керек, алғаш рет үлкен сахнаға шығамын деп қатты қобалжыдым. Бір апта үздіксіз дайындалдым. Сынып жетекшім концертке директор қатысады, ата-аналар қонаққа келеді деді. Менің үрейім одан сайын ұшты. Салтанатты кеш ойдағыдай аяқталып, аяқ-қолым дірілдеп, демім тартылып дәлізге шықтым. Осыны байқаса керек, анашым күлімдеп келе жатты. Қолында бір бума дала гүлі бар. Өзі жинаған, аспан көк түсті лентамен бантик етіп буып алған. Бұл менің ең алғашқы гүл шоғым еді. Қазір әр сахнадан кейін құшақ-құшақ гүлдер алғанда, сол алғашқы гүл шоғымның иісі есіме келеді де тұрады, деп жазды актриса. 

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

16.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

Актриса қызының таңдауына қарсы болғанын атап өтті

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.