«Халық білмейді». Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның қуанышты жаңалығын жариялады

Әнші актрисаны құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сабина Асқарқызы

  • 06.08.2024

Әнші Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның келін түсіріп, ұлын үйлендіргені туралы жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, Айгүл Иманбаева ұлын үйлендіріп жатқан уақытта әкесі дүниеден өтіп, халыққа жар салмаған. Екі жастың үйлену тойын Лондондағы оқуды аяқтаған соң өткізуді жоспарлаған.

“Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші. 

Өнер иелерінің аналары да құрбы екені белгілі болды.

“Жақында отбасында жақсы жаңалық болды. Ұлы үйленіп, келін әкелді. Бірақ халыққа жариялаған жоқ. Өйткені Айгүлдің әкесі о дүниелік болған күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан әзірге халық білмейді. Оқуын аяқтап келгеннен кейін үлкен той жасауға ниетті. Біздің қызметте жүретініміз анық. Айгүл – менің екінші ұлым Ақанның өкіл шешесі. Екеуміздің аналарымыз да жақын құрбы. Сол кісілердің сыйластығы Айгүл екеумізді құрбы етті”, – деген еді өнер қайраткері.   

Фото: instagram.com/botakerim

Байланысты жаналықтар

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

29.04.2025

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

10.04.2025

«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады

09.04.2025

Дулат ағамның кабинеті бос - Айгүл Иманбаева

21.03.2025

Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той

01.03.2025

Айгүл Иманбаева қаламгер Дулат Исабековпен қоштаса алмай қалғанын айтты

24.02.2025
MalimBlocks
«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

Өнер иесі бәрін кешіргенін алға тартты.

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

Ол мұны жасырмайтынын айтты.

«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады

Айгүл Иманбаева әдейі құрбысы ұнататын гүл шоғын алған.

Дулат ағамның кабинеті бос - Айгүл Иманбаева

Айгүл Иманбаева Дулат Исабековтің Алматыдағы үйіне барып, отбасына жеке көңіл айтқан

Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той

Айгүл Иманбаева қаламгер Дулат Исабековпен қоштаса алмай қалғанын айтты

Жазушы 82 жасында дүниеден озды