Әкім 21 гектар резиденциясын сата ма?

Malim Админ

  • 01.07.2021

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов  ақпарат құралдарында бірнеше жылдан бері сөз болып жүрген 21 гектар резиденциясы жекешендірілетін нысандар тізімінде жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Қостанайдағы "Наша газета" басылымы Архимед Мұхамбетовтің резиденциясы 21 гектар аумақты алып жатқанын, оны ұстауға бюджеттен жыл сайын 50 миллион теңге бөлінетінін жазған.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Қостанай облысы әкіміне резиденцияны ұстауға салық төлеушілердің ақшасы жұмсалмас үшін ол жеке бизнеске беріле  ме деген сұрақ қойылды.

"Бұл сұраққа (резиденция туралы) үш жыл бұрын, екі жыл бұрын көп рет жауап бердім. Жергілікті ақпарат құралдары бізге хат жазды, нақты жауаптар алды. Резиденция осыдан 50-60 жыл бұрын салынған. Ол жерде маған дейін әкімдер, обком хатшылары тұрды. Еш уақытта осы мәселе көтерілмеді. Әкім 13 нысандардың бірінде тұрып жатыр. Сол үй үшін ай сайын белгілі бір сомада төлемақы төлейді. Қалған нысандар бюджет есебінен ұсталады. Оларға қатысым жоқ. Маған дейін әкімдер тұрған 200 шаршы метр үй бар. Сату туралы (резиденцияны) шешімді мен қабылдай алмаймын, ол мемекет балансында", - деді әкім.

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бұл нысан мемлекеттің жекешелендіру бағдарламасының тізіміне енбеген. Ал егер оны жекешендіреміз дейтін бизнес өкілдері шықса, мұнымен айналысатын арнайы департамент бар, "олар сол департаментке хабарлассын" деді әкім.

Қостанай облысының әкімі резиденциядағы 200 шаршы метр үйді 40 мың теңгеге жалдайтынын айтты.

 

Байланысты жаналықтар

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023
MalimBlocks
Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады:

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр