Алматы метросы қала сыртына дейін жетеді

Қазіргі уақытта жеке меншік жер телімдерін мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алу жалғасуда.

  • 29.11.2022

 

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келіп, мегаполис тұрғындарымен өткен кездесуде Алматының экологиясы туралы арнайы тоқталып, адамдар үшін «жайлы қала» жасау керектігі туралы айтқан. Ол онда бұл бағыт бойынша атқарылуға тиіс шаруаларды айта келіп, еліміздегі ең ірі мегаполисте жеке көліктерді азайтып, қоғамдық көліктер мен метро желісін, электропойыздар желісін жетілдіру керек деген.

Жалпы, Алматы Қазақстандағы метро желісі бар жалғыз әрі тұңғыш қала. Одан бөлек, трамвайлардың тоқтап қалуына қатысты мәселе көтерілгенде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев электропойыздар желісін іске қосу туралы жобы дайындалып жатқанын айтқан. Оның сыртында, Алматы метросы жылдан жылға кеңіп келе жатқанын да айта кету керек. Метро стансаларын салу үшін, әрине, жер керек. Ал метро қаланың ішінде, оның үстіне халық көп шоғырланған көшелер бойымен салынып жатқанын ескерсек, мұндағы ең басты мәселе – жеке меншік иесінен жер телімдерін сатып алу, үйлер мен ғимараттарды сүру екені даусыз.

Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы метро стансасын салу мақсатында мемлекет мұқтажына 92 жер телімі сатып алынатыны жайлы ақпарат тарытты. Бүгінге дейін аталған 92 жер телімінің 24-і меншік иесінен сатып алынған, ал қалған 68 жер телімін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

«Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысымен «Метрополитен» ШЖҚ МКК метроның үшінші кешенінің іске қосу құрылысының жаңа жобасын әзірледі. Ол Яссауи көшесінен батыс бағытта Абай даңғылының бойымен «Барлық» базарына дейін барады. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша 60 жер учаскесінде «Мемлекет мұқтажына алуға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулы қабылданды», - делінген хабарламада.

Жалпы, басқарма ұсынып отырған маршрутқа көз салсақ, болашақта метроның жолаушылары еселеп артатынын байқауға болады. Және бұл қалада көлік санын азайтуға да зор мүмкіндік береді. Өйткені, метроның бір басы қала сыртына қарай орналасқан «Барлық» базарына барып тірелсе, метро тек қала ішін ғана емес, қаланы сыртқы аймақпен жалғаушы ролін де атқара бастайды. Яғни, қала маңында тұратын немесе өзге қаладан келген қала қонақтары жеке көлікпен қала ішіне кірмей-ақ, бірден метроға отыруға мүмкіндік алады. Соншама уақыт көлік кептелісінде тұрғанша, қысқа ғана уақыт ішінде діттеген жеріне жеткенді кім жек көрсін, демек, азаматтардың қоғамдық көлік пен метроны таңдау мүмкіндігін қарастыру жағынан Алматы метросының атқаратын ролі арта бермек. Қаланың бас жоспарында қала кіре берісінен үлкен көлік тұрақтары салынатынын, метроның сол вокзалдармен жалғасып кететінін ескерсек, азаматтар жақын болашақта қоғамдық көлік пен метроны, электропойыз желілерін таңдайтын болады. Бұл, ең алдымен, азаматтардың жайлы қалада тұрып, дамыған қоғамда өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Ал енді жеке меншік жер телімдері мен мүліктің иелері меншігін мемлекет меншігіне, қаланың балансына өткізіп беруге қуана келісуге тиіс, себебі, мемлекет меншігіне алынатын меншіктің бағасы нарықтағы бағадан жоғары болмаса аз болмайды. Және бұл жерде тек әкімдік қана емес, тәуелсіз бағалаушылар жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы былай дейді:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес, жеке сектордың жер телімдерін сатып алуға жоспарланған бюджет қаражатының көлемі бағалау нәтижесінде жасалған тәуелсіз бағалаушы компаниялардың есебі негізінде айқындалады».

Қазір Алматы метросының пайдалануға берілгеніне 11 жыл толады. Содан бері метро құрылысы тоқтаған жоқ, бірнеше станса қосылды. Жолаушылары да жыл санап артып келеді. 2021 жылы алдағы үш жылда метро құрылысына мемлекеттік бюджеттен 30 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетіні туралы айтылған. Биыл іске қосылған «Сарыарқа» мен «Бауыржан Момышұлы» стансасының есебінен аялдама саны енді 11-ге жетсе,  ал жерасты жолы 13 шақырымға ұзарды. Одан кейін Алматы әкімдігі 2023 жылы «Қалқаман» жаңа метро стансасын салынатынын және бірнеше көше мен даңғылды ұзарту үшін жер телімдерін сатып алуды аяқтайтынын хабарлаған еді.  

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.