Алматыда жұмыспен қамту бойынша 11 ұйым жұмыс істейді

Елдегі экономикалық белсенді топтың көп бөлігін жастар құрайды. Республика бойынша 20-28 жас аралығындағы жастар саны 2 миллионнан асады. Жұмыссыздық – қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі. Әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық белең алып барады. Жұмыссыздықтың кесірі бүкіл елге, қоғамға, елдің демократиясының өркендеуіне кері ықпалын тигізері анық. Қазіргі нарық заманында екі қолды қусырып қойып отыратын заман емес. Әлем алға жылжуда. Осы ретте жастарымыздың білім алуы мен заман талабына сай кәсіппен айналысуы өте маңызды. Қазіргі жастар қоғамы кез-келген жағдайға, кез келген жұмысқа бейім болулары тиіс.
Бүгінгі таңда жеткілікті білімнің болмауынан, кәсіптік қабілеттіліктің болмауынан жастарымыздың көбі жалдамалы жұмыстарға жегіліп жатқандығын көп аңғарамыз.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Алматы қаласындағы бұрын сотты болған 40 жуық адам Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр. Алматы қаласының әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директорының орынбасары Әділет Жаңабаев бұрын істі болған, сонымен қатар оларды бейімдеу мен жұмысқа орналасу мәселесі қалай жүріп жатқандығын мәлімдеп берді.
«Ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімдігі 2022 жылғы 17 қарашадағы № 4/607 қаулысына сәйкес, пробация есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға квота бөлінген ұйымдардың тізіміне 11 ұйым енгізілді. Қалалық және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға квота – 0,2 адамнан 5 ұйым кірді»,- деді Жаңабаев.
Алматы қаласының әкімдігі әр жыл сайын халықты жұмысқа орналастыру мақсатында арнайы квота бөліп отырады, ол тізімге бұрын сотты болған азаматтар да кіреді. Сонымен қатар, Әділет Жаңабаев пробациялық қызметтің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды да жұмыспен қамту жоспарда барын айтты.
Айта кету керек, республика бойынша жоғарғы және аяқталмаған жоғары оқу орындарын аяқтаған жастардың 40 пайызға жуығы жұмыссыздар. Осы тұрғыда елімізде жұмыссыз жүрген және білімі жоқ жастарды қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар жүзеге асып, оларға тиісті қолдау көрсетіліп жатқандығы мәлім. Қазақстанда жалпы кәсіптік білі жоқ NEET санатындағы жұмыссыз жүрген жастарды қолдау және оларға көмек көрсету шаралары жүзеге асатын болады. Яғни, жұмысқа орналасуға және өзге де көмек көрсету шараларын жүзеге асыруды қолға алды. Сонымен қатар, Үкімет жастар саясатын күшейтуіне байланысты тиісті қаулы қабылдаған болатын.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.