Атырауда гуманитарлық көмекті қоймаға тығып қойған

Атырау облыстық денсаулық сақтау департаменті бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған. Бұл туралы прокуратура хабарлады.
25 маусым күні «АТМА – Атырау Аэропорты және тасымалдау» АҚ демеушілік көмек ертінде медициналық қорғаныс заттарын берген (қорғаныс көзілдірі – 1 500 дана, қолғап – 6000 дана, медициналық маскі – 7000 дана, комбинезон – 1 750 дана).
«Денсаулық сақтау басқармасы бұл қорғаныш заттарды медициналық мекемелерге таратпай "үш апталық қорымыз бар" деген желеумен сақтап отырған. Прокуратураның тексерісі кезінде шілде айында Исатай аудандық ауруханасында 500 дана комбинезон мен 5 мың дана медициналық маскі 2,5 млн теңгеге сатып алынған. Ал Жылойдағы аудандық орталық ауруханасында қорғаныс құрал-жабдықтар мүлдем жетпей қалған», - делінген прокуратура таратқан хабарламада.
Қазір бұл фактіге байланысты материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жіберілді. Тергеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ. Оның алдында Байтолла ҒАЗИЗОВ 2020 жылдың 18 сәуір күні өз еркімен арыз жазып қызметінен кеткен еді.
Фото : elorda.info
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін
Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.