«Білімді ұлт» бағдарламасының міндеті көп

  • 25.03.2023

 

Кез келген ұлттың әлемдік жаңалықтарға ілесіп отыруы, азаматтарының әлем адамы деңгейінде ойлай алуы, өзін өзі жетілдіріп, дамытып отыруға ұмтылуы ең алдымен білімге байланысты. Білім тек әріп танумен өлшенбейтіні түсінікті. Қазір елімізде сапалы білім беру мәселесі жиі көтеріліп келеді. Сол мақсатта қолға алынған жоба – «Білімді ұлт» жобасы.

 «Білімді ұлт» сапалы білім беру туралы  қаулы 2021 жылы 12 қазанда бекітілді. Ұлттық жоба  бес міндет пен төрт бағыттан тұрады.  Жоба аясында  мектепте және мекпетке дейінгі білім беру жүйесіндеге көптеген түйіткілді мәселелерді қарастыру көзделген . мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді қамту, ауылдық  және қалалық мектептердің оқыту сапасындағы алшақтықты реттеу, мектепте оқушыларға орындардың тапшылығын қысқарту мақсатында мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы оқу орындарын құру деген сынды мәселелерді реттеу. Жобаны әзірлеуге қоғам өкілдері мен білім беру саласының сарапшылары және мемлекеттік мүдделі органдың өкілдерімен бірлесіп ат салысқан.

Жоба аясындағы бірқатар міндеттерге тоқталсақ: білім сапасындағы алшақтықты азайту, балаларды оқыту үшін қауіпсіз әрі сапалы орындар салынады, 100 пайыз жастар тегін кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі, республикамыздағы жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделеді.

Осының нәтижесінде 2025 жылға дейін мектепке дейінгі 2 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды біліммен қамту 95 пайыз болса, 3 пен 6 жастағы балаларды 100 пайыз біліммен қамту көзделген. Қала және ауылдық мектептерде, өңірлердегі мектепте және әртүрлі тілде оқытатын мектептердегі білім сапасын теңестіру мақсатын қарастырады. Осал мектептерді қолау және дамыту жүйесімен кешенді жұмыстар жүргізіледі. Ауылдық жерлердегі педагог тапшылығын реттеу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Әлеуметтік қолдау шаралары негізінде 4 облысқа (Атырау, Маңғыстау, Алматы мен Түркістан) үздік педагогтерді тарту мақсатында арнайы жұмыс жасалды. Осы мақсатта педагогтердің жалақысын 2 есеге өсіріп, тұрғын үй мен коммуналдық төлем ақыларын өтеу көзделген.  Ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау мақсатында түрлі олимпиадалар мен пікірсайыс ойындарын ұйымдастыру жүргізіледі, ол оқушылардың дамуы мен білімдерін жетілдіруге, танымдық ойлау жүйелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы тағы бір үлкен мәселе – үш аусымды мектептер жайы. Үш ауысымды мектептерді жай ғана азайтып қана қоймай, олардың орнына заманауи мектептер салынуға тиіс. Осы мақсатта, «Білімді ұлт» жобасы аясында 2025 жылға қарай тағы да 1000 жайлы  мектеп салу жоспарланған. Үш ауысымды  мектептерді қысқарту, қауіпті және аппатты мектептерді азайтып, жайлы сапалы, заманаи мектептер салуды қолға алды. Нәтижесінде 2021 жылы 277 мектеп іске қосылып, 2022 жылға 2022 жылға 225 мектеп құрылысы жоспарланған болатын. Бұл балалар үшін жайлы жағдай мен сапалы білімді, жоғарғы жылдамдықты интернет, мектептердегі кітапханалар мен асханаларды жаңарту, жаңа заманауй мектептерде білім алуды, жаңа технологиялармен жабдықтарлған сыныптарда оқуды қамтамасыз етеді.

Тағы бір мәселе – оқушылар мен ұстаздар арасындағы байланысты жеңілдету. Заманға сай тетіктерді іске қосу арқылы бұл мәселені шешуге болады. Жобаның тағы бір бағыты да осы. Әсіресе, ерекше топқа жататын оқушылардың білім алуына мүмкіндік беру – «Білімді ұлт» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі. Осыған орай, қазірдің өзінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балар үшін «Цифрлы мұғалім» жобасы іске қосылды. Алдағы уақытта бұл жоба да өз жемісін береді деп сенуге болады.

Байланысты жаналықтар

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024
MalimBlocks
Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.