Бишімбаевтың ісі: Сот отырысында жаңа дерек айтылды
Бүгін Астанада жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтті. Сотта прокурор бірнеше мәлімдеме жасады.
«2021 жылы 16 желтоқсанда Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың тойы өткен. Алайда некесі ресми түрде тіркелмеген. Азаматтық некеде тұрған. Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынастың басында-ақ Бишімбаев ашуланшақ болған. Бишімбаев әйелінің телефон қоңырауын бақылап, құрбыларымен кездесуге тыйым салған. Оған жұмыс істеуге тыйым салып, қаржылай өзіне тәуелді еткен. Қызғаныштан жүйелі түрде физикалық күш қолданған», - деді Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова.
Оның айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға порнографиялық видеоларды көрсетіп, видеодағы сен емес пе деп сұрап, қысым көрсеткен. Сондай-ақ Салтанат кетіп қалмауы үшін порнографиялық видеоға түсіріп алған.
Фото: ашық дереккөзден