Болашақ бағдарламасындағы өзгерістер

  • 24.04.2023

                    

Қазақстанның Тәуелсіздігімен келген ең бір тиімді бағдарлама – «Болашақ» бағдарламасы екені анық. Талай талантты жастар мен білімді, жаңашыл түлектер осы бағдарлама арқылы әлемнің үздік білім ошақтарында білім алып, өздерін жетілдіріп қана қоймай, елімізге қаншама жаңашылдық алып келуге үлес қосты. Бұл бағдарлама ешқашан мемлекет назарынан тыс қалған емес. Жыл сайын тиімділігін арттырып, жыл сайын дамыту үшін әр түрлі шаралар, өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Енді халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері енді «Болашақ» стипендиясын автоматты түрде ала алады.

Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш негізгі өзгеріс енгізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, бұл бағдарлама бойынша басым бағыттар айқындалып қойған, енді сол бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен:

Бірінші – Қазақстан «Болашақ» бағдарламасы бойынша қайтадан бакалавр мамандарын дайындайды. Бағдарламадан бұл әдіс 12 жыл бұрын алынып тасталған болатын.

Екінші – «Болашақ» бағдарламасы жұмыс беруші тараппен тікелей байланыста болады. Жұмыс беруші мекеме не компания қажет болған кадрларды даярлауға тапсырыс береді, сондай-ақ олар үшін жауапкершілік жұмыс берушілерге тапсырылады.

Үшінші – алдағы уақытта бөлінетін гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға берілетін болады.

Министрдің айтуынша бүгінде «Назарбев мектебінің түлегі әлемнің 26 жоғарғы оқуына түсті» немесе «Білім Инновация мектебінің түлегі 17 оқу орындарынан шақыртулар алды» деген сынды жаңалықтарды естіп отырамыз. Әлем бойынша білімді, дарынды балаларды тарту бәсекеге айналып отыр. Біздің талантты азаматтарымыз шетелге кетіп жатыр. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында халықаралық олимпиада мен сайыстардың жүлдегерлеріне «Болашақ» стипендиясын автоматты түрде беруді көздеп отырмыз. Стипендияны алып оқып қайтады. Кейіннен елге оралып, алған білімін жұмыс арқылы өтеу міндеттеледі дейді.

Сонымен қатар, бұрындары аталған бағдарламаға қатысу үшін кез келген үміткердің мүмкіндігі болса, қазіргі таңда тапсырысты компаниялар беретін болады. Мысалы, «Қазатомөнеркәсіп» ядролық энергетика бойынша өздеріне қажетті мамандар тізімін ұсынады. Біз тапсырысты қабылдап алып, оларды оқытуға келетін үздік оқу орындарын және зертханаларын табамыз, оқытамыз да «Қазатомөнеркәсіпке» қайтарып береміз. Мамандарға жауапты сол «Қазатомөнеркәсіп»  болатынын да атап кетті.

«Бұрын бағдарламаға кез-келген үміткер қатыса алатын болса, енді тапсырысты компаниялар береді. Айталық, «Қазатомөнеркәсіп» ядролық энергетика бойынша өзіне қажет мамандар тізімін береді. Біз тапсырысты қабылдап, оларды оқытуға лайық әлемдегі үздік оқу орындарын, зертханаларын тауып, оқытамыз да «Қазатомөнеркәсіпке» қайтарып береміз. Сол мамандарға жауапты «Қазатомөнеркәсіп» болады. Медицина, техника және тағы басқа ең қажет деген салаларға маман дайындауға мән береміз. Бізде «Болашақпен» білім алып, оның әлеуетін дұрыс пайдаланбай жүргендер негізінен гуманитарлық сала мамандары. Олардың саны шектеледі», - дейді министр.

Айта кетейік, Медицина, техника, сонымен қатар ең қажетті деген сала бойынша мамандарды даярлауға мән берілетін болады. Елімізде «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып, оны дұрыс пайдаланбайтындар негізінен гуманитарлық бағыттағы мамандар. Енді, олардың саны шектеліп, грант саны да азайады. Сапаға мән берілетін болатынын да айтты.

Тапсырысты компаниялар беретін болғандықтан студенттердің оқу үлгерімі мен кәсіптік білімін жетілдіріп оқытуға, сонымен қатар, білім алушының маман ретінде шыңдалып шығу мүмкіндігі өте зор.

Грант саны шектеліп сапа санының артуына ден қойылып жатыр. Студенттерімізге кәсіби маман болуға, тәрірибелерін шыңдау мен білікті кадр болуға мол мүмкіндіктер туып тұр.

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.