Е.Досаевтың Қ.Тоқаевқа айтқан қауіпсіз жерлерін алматылықтар білмейді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, жұмысына есеп берді. Атқарылған жұмыстардың ішінде ол  «Алматыда төтенше жағдай кезінде көпшілік жиналатын 545 қауіпсіз орын бар» деп мәлімдепті. 

Есенжол Елекенов

  • 13.10.2023

Осы орайда Malim.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына кіріп, жер сілкінісі сияқты қандай да бір төтенше оқиға бола қалса, тұрғындар қайда, қандай жерге бару керек деген нұсқаулықты іздеген едік. Алайда ресми орындардың сайтынан бірде бір мәлімет табылмады. 
Одан кейін қалалық мәслихат депутаттары мен тұрғындардан «оқыс оқиға орын алса, көпшілік паналауы тиіс әкім Е.Досаев айтқан 545 жерді білесіздер ме?» деп сұрап көрді. 
Бізге жолыққан Алматы тұрғындарының ешқайсысы Ерболат Досаев айтқан 545 орынның біреуінде білмейтін болып шықты. 
-Білмеймін. Әкімдік халықты құлақтандырмаса, қайдан білеміз?,-деді қысқа пікір білдірген қала тұрғыны. 
Өзге тұрғындардың да пікірі осы сарында шықты. Олар мүлдем бейхабар екендерін айтты.
Бір қызығы, Е.Досаев айтқан қауіпсіз жерлерді тіпті, Алматының мәслихат депутатары да білмейді екен.


-Шыным айтсам, бұл жайлы ақпарат алып көрмеппін, хабарсызбын. Біліп, сұрап көруге болады. Мәслихатта бізді комиссияға бөліп тастайды. Сейсмикалық жағдайды бақылайтын бөлек адамдар бар, біз құрылыс жағдайы бойынша жұмыс істейміз. Ал сіз айтып отырған жерлерді басқа комиссия қарайды,-деді Malim.kz тілшісіне Алматы қаласы мәслихат депутаты Бақытбек Жұмабаев.
Ал депутат Гүлжан Бекенова «545 орынның бар екенін білмейміз, бірақ естіп жатырмыз» деп қысқа қайырды. 

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, қауіпсіз 545 жерға қатысты ақпарат сұрағанбыз. Алайда олар төтенше жағдайлар департаментіне сілтеді.
Ал Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі басында әкімдіктің 545 деген санын жоққа шығарып, «384» деді. Кейін  «екі сан да дұрыс» деп ақпарат берді.
-Қала әкімінің өкімі бойынша 545 бекет бекітілген, оның ішінде 384 баспанасыз қалған тұрғындарды қабылдайтын бекеттер. Қалған нысандар өздігінен жүре алмайтын, зардап шеккен адамдарға арналған, -деді ведомства.
Олардың айтуынша, қауіпсіз 545 жердің басым көпшілігі мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандар. Ішінде мемлекеттік мекеменің ғимараты да бар.
-Біз жылына екі рет сейсмикалық жаттығу өткіземіз. Әр тоқсан сайын серена ойнатылады. Сол кезде тұрғындардың өзі немқұрайлық танытып, үйлерінен шықпайды, -дейді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қалай десек те, Ерболат Досаевтың Тоқаевқа айтқан жерлерін алматылықтар да, депутаттар да білмейді.

Басты фото Ақорданың сайтынан алынды

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді