Грузия Ресейге шетелдік машиналарды сата алмайды

Грузия 1-тамыздан бастап америкалық, 26-қыркүйектен Еуропа көліктерін Ресей мен Белоруссияға экспорт пен реэккспорттауға тиым салды.

Malim Админ

  • 03.08.2023

Осы уақытқа дейін Грузия үшін жеңіл көліктер – елге табыс әкеліп тұрған маңызды сала болған. Сырттан әкелінген көліктерді реэкспорттау арқылы қомақты пайда тауып отырған Тбилиси бұл мәселеде батыспен ортақ шешімге келуге талпынғанымен, нәтижесіз болды,- деп жазды Грузия Қаржы министрлігінің салық қызметі.

Тбилисидің мұндай шешім қабылдауына ЕуроОдақтың Ресейге салған санкцияларының 11-пакеті ықпал етіп отыр. Бұған дейін ЕО-дан Ресейге құны 50 мың еуродан асатын автокөлік жеткізуге тиым салынып келген еді. Алайда, соңғы санкциялар пакетінде Ресейге қозғалтқыш көлемі 1,9 литрден асатын электр және гибрид көліктерді әкелуге тиім салынды.

Грузияның Экономика министрлігі шілде айында ЕО-мен көліктердің Ресейге экспорты мен реэкспортын тоқтатпау туралы келіссөз жүргізген еді. ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан «егер Грузия азаматтары Ресейге реэкспорттау үшін ЕуроОдақтан автокөлік әкелетін болса, бұл санкциядан жалтару болады», деп мәлімдеген.