"Махаббат керек". 5 рет түрмеге түскен қыз жазған сценарий

Айшолпан КЕРІМ

  • 14.06.2022

“Тек махаббат керек”. Алматыдағы ARTиШок театрының кіші сахнасында қаладағы жалғыз әлеуметтік "Реванш" театрының труппасы осындай атаумен спектакль ұсынды. ЖИТС диагнозды адамдар мен жалпы қоғамдағы түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерген қойылым авторларымен қойылым және қор жұмысы жайлы сөйлесіп көрдік.

“Реванш” қиын жағдайда қалған көп адамға: түрмеден босап шыққандар, ЖИТС жұқтырғандар мен түрлі қиын диагноз расталған азаматтар, жетім балалар мен секс-индустрия қызметкерлері және дағдарыс орталығына жүгіне алмайтын әйелдерге көмек көрсетеді. Қоғамдық қор маңынан ашылған әлеуметтік театр актерлері де дәл осы адамдардан құралған. 

Ауыру ұят емес, адамдарды ауру мен сау деп бөлу ұят - қойылымның басты хабары осы болғандай. Қойылымдағы негізгі рөлдердің бірін сомдаған Анна Козлова рөлді ойнау аса қиын болмағанын айтады.

Сценарийді өзіміз жаздық. Әркім өзінің сөзін, оқиғасын, ойдағысын сол сценарийге қосты. Артынша көркемдік топ кішігірім түзетулер енгізді. Сол себептен рөл сомдап шықтым деп айта алмаймын, өз өмірім, өімрден түйгенімді сценарийге қостым. 

Анна Козлова

Аннаның “Реваншта” әлеуметтік қызметкер болып істеп жүргеніне төрт жылдан асқан. Басты жұмысы - қамауға алынғандар мен босап шыққандарға қолдау көрсету. Өзі де он жеті жасында есірткімен ұсталып, он екі жыл ішінде бес рет түрмеде отырып шыққан. 

Мен өрімдей шағымда түрме дегеннің не екенін білдім. Алғаш он жеті жасымда ұрлық үшін ұсталып, он екі жыл ішінде сол темір есікке қайтадан бес рет кіріп-шықтым, бірінші рет босап шыққанда есірткіге тәуелді болып қалдым. Сол аралықта бостандықта ең ұзақ төрт жыл болған екенмін. Қазір босап шыққаныма алты жыл болды, алты жылда есірткіден де алыстадым. Алайда бірнеше жыл АИТВ жұқтырдым деген оймен жүрдім, кейінірек тексеруден өтіп, таза екенімді білдім. Аурумын дегенге сеніп қалғаным соншалық, қанымда ол дерттің жоқ екеніне сенуім ұзаққа созылды. Сондықтан АИТВ анықталған көп адамның қоғамда өздерін қалай сезінетіндерін бір адамдай білемін.

Анна түрмеде өткен жылдарын еске алып, түйгендерін бөлісті. 

Негізі есірткінің шешімі немесе жазасы - түрме емес, түрме ол тәуелділіктен құтқара алмайды. Тек күндердің бір күні “Ес жию керек” деген ой келеді. Тек ол ойдың келу уақыты әрқалай. Ауру жұқтырып, құрдымға кетпестен қалыпқа келіп үлгерсең, бақыт.

Түрмеде отырып, бостандыққа бір шығып, қайта қамауға кіруді армандайтын адам жоқ. Қазір сол түрмедегілермен жұмыс істеймін. Олардың күн сайын жатарда үйіне қайтуды армандап, түрлі қиял құратынын білемін. Бірақ олар шығып, кейін қайтып келеді. Оның себебі пробация институты жауапкершілігінде деп есептеймін. Қазір жұмысты жақсартуға тырысып келеді. Бірақ түрмеде отырып шыққан адам бостандықта орын таппай, қайта ұрынады. Шыққан адам қалтасында ақшасы болса да, телефон, нөмір ала алмайды, қонақүйге бара алмайды, бұл - квесттің бірінші кезеңі, одан өткен күннің өзінде жұмысқа тұру тіпті мүмкін емес. Бітпейтін квест. Қазір осы адамдарға көмектесуге тырысып жүрмін. 

Анна қазір түрмеден босап шыққандар мен қамауда отырғандармен жұмыс істейді. Сөзінше, өз мысалында оларға ой салуды мақсат етеді. 

Бүгін қойылымда ойнап шыққан кейіпкерім - өзім. Сценарийді өзім жазғандықтан, екінші мүмкіндік бар деген ойды жеткізгім келді. Мен он екі жылдық күрестен соң, есірткіні жеңіп шыға алдым. Осы бір өмірлік жолым арқылы адамдарға ой салуға тырысамын. 

Түрмеде отырғандар мен босап шыққандардың көбі сауаты, білімі жоқ, істерге жұмысы да жоқ, оның үстіне көбінің жасы келген адамдар. Қазір кәдімгі адамның өзі қырықтан асса жұмыс табуы қиын, ал бізде өзгеге көмектесу арқылы өзіңді түзетуге мүмкіндік бар. Қызығы “Реваншқа” келіп қана “Есірткісіз өмір сүру мүмкін екен ғой” деген ой түйдім. Күні бүгінге дейін бір қуаныш болғанда, “Мұндайды есірткісіз де сезінуге болады екен ғой” деп ойлап қоямын. 

Әлеуметтік театр актерлерінің арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, бұрынғы есірткі тұтынушылар және сотталғандар бар. Оларға "Реванш" кешенді қолдау орталығы " қоғамдық қорының әлеуметтік қызметкерлері қолдау көрсетті.

- Біздің қор өмірлік қиын жағдайға тап болған, соның ішінде АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін әйелдерге белсенді түрде көмектеседі. Біз әлеуметтік, медициналық, психологиялық, заңгерлік көмек көрсетеміз. Өкінішке орай, елде мұндай әйелдер үшін баспаналар мен орталықтардың жетіспеушілігі байқалады. Мемлекет пен бизнес-құрылымдар тарапынан көмек қажет. Елімізде тұрмыстық зорлық көрген әйелдерге көмек көрсететін дағдарыс орталықтары бар. Одан өзге түрлі әлеуметтік топ өкілдері: мүгедектер, көпбалалылар, т.б. қолдау көрсетіледі. Алайда түрмеден босап шыққандарды мүлдем ұмыт қалдырған. Олар Анна айтпақшы, бостандыққа шыққан соң барар жер мен қаржылай көмек болмаған соң, қайта бұрынғы қатесін қайталап, ұрлық, төбелеске ұрынып, келген жеріне кетеді. Бұл қате ғой. Қоғам үшін обал. Артынша ауру жұқтырып, екінші рет босап шығамын дегенше, тіпті іске жарамсыз болып қалады,  - деп атап өтті директор Елена Билоконь.

"АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, түрмеде отырып шыққандар мен бұрынғы есірткі қолданушыларына қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту – «АИТВ індетін бақылаудың Алматы моделі» жобасының мақсаттарының бірі. Барлық адамдар АИТВ мәртебесіне, жыныстық бағдарына, жынысына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, өзін, өз армандары мен таланттарын жүзеге асыра отырып, толыққанды өмір сүруге қабілетті болуы керек. Спектакльге қатысқан әртістер Алматының мыңдаған бояулар қаласы ғана емес, армандар орындалатын мүмкіндіктер қаласы екенін өз тәжірибесінен көрсетеді» - дейді Анна Дерябина, Орталық Азиядағы Колумбия университетіндегі ICAP орталығының директоры.

Байланысты жаналықтар

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024
MalimBlocks
Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.