Медиа этика мен балалар құқығы талқыланды

Malim Админ

  • 25.04.2023

Елімізде балалар және жасөспірімдер арасында болып жатқан түрлі оқыс оқиғалар олардың құқығының тиісті деңгейде қорғалуын, жұртшылықтың этикалық жақтан сауатты болуын талап етеді. Осы бағытта Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі  «Медиа-этика және балалар құқықтарын қорғау» дөңгелек үстелін өткізді. Отырысқа  қатысушылар кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ақпараттың да айрықша ықпалы бар екенін жеткізді.  Айталық, қатысушылар балалар  арасындағы буллинг, кибербуллинг, суицид, зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюіне қатысты жұртшылықтың алаңдаушылығын қаперге ала отырып нақты ұсынымдар  жасады.   

1. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы қарарымен қабылданған «Бала құқықтары туралы Конвенцияның» Ережелерін басшылыққа алу;
2.
Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық коммуникация құралдарының балалармен байланысты құқыққа қайшы жағдайларды жариялау контекстінде жұртшылықтың медиа-сауаттылығын арттыру жөніндегі күш-жігерін біріктіру;
3.1 «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндама шеңберінде БАҚ-тың балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудағы ықпалы тақырыбында зерттеу жүргізуді көздеу;
3.2 балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу тақырыбында семинар мен тренингтер ұйымдастыру;
3.3 журналистерге балаларға қатысты зорлық-зомбылық және суицид фактілерін жария ету бойынша халықаралық құжаттардың ережелерін және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып нұсқаулық әзірлеу (балалардың жеке деректерін жария етуге тыйым салу, шамадан тыс егжей-тегжейді жарияламау және т.б.);
3.4 балаларға бағытталған және балалардың қатысуымен жасалған контент әзірлеу.
1. медиа-кеңістікте бала құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған гранттарды қарастыру;
1. телеарналарда өндірілетін сериалдық өнім шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған тақырыптық желілерді көздеу;
2. бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар, бөлімдер ашыла отырып, материалдар (мақалалар, сюжеттер, деректі фильмдер, бейнероликтер) санын ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3. бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиа-этика жөніндегі тұрақты комиссия құру.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  осы ұсынымдардың іске асырылуын бақылайтын болады.  Бұл өз кезегінде бұқараның медиа сауаттылығын арттыруға, қауіпті жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді.    

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін