Мемлекеттен төлем алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

Malim Админ

  • 29.03.2020

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.

1. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді.

Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – БЖТ).

Енді оларға:

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету)болып табылатын  азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын адамдар (бұдан әрі – АҚС), өздері үшін салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын аударған жеке тұлғалар кіреді.

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

2. ТЖ байланысты табысты жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігі жойылды.

Бұрын әлеуметтік төлемдер туралы өтінішті жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін, ЖК, ЖП және БЖТ төлеушілер – өздері бере алатын. Сонымен бірге, жұмыс берушілер төтенше жағдай кезінде қызметті шектеуге байланысты өз қызметкерлерінің табысын жоғалтуын растайтын құжаттарды, қызметкерлердің тізімін және қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірмені ұсынуы керек еді.

Енді төтенше жағдай салдарынан кірісті жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсынуға қойылатын талаптар алынып тасталды.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:

- жұмыс берушілер өтінішті тек қызметкерлердің тізімін қоса бере алады;

- ЖК, ЖП, АҚС және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.

Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушіні күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады.

Сонымен бірге барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жауапкершілік алады.

Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беріледі.

3.   Төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қажетті қатысу мерзімі қысқартылды.

Бұрын төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесінде соңғы 12 ай ішінде кем дегенде 3 ай қатысу талап етілетін.

Енді қызметкердің (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚС үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасауы, әлеуметтік төлем тағайындау үшін жеткілікті болады.

МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, бұны автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тексереді.

4. Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі 7-ден 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Байланысты жаналықтар

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

22.01.2025

«Заң мен тәртіп болмаса, еркіндік те, әлеует те жоқ». Трамп пен Тоқаевтың сөзі ұқсас шықты

21.01.2025

Президентке әділетті қоғам қалыптастыру шаралары туралы мәлімет берілді

20.01.2025

Президент «Келешек» бағдарламасын қолданысқа енгізетін заңға қол қойды

10.01.2025

Президент Мағауиннің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

10.01.2025

Биыл Астанада Жеңіс күніне орай әскери шеру өтеді

03.01.2025
MalimBlocks
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

«Заң мен тәртіп болмаса, еркіндік те, әлеует те жоқ». Трамп пен Тоқаевтың сөзі ұқсас шықты

Президентке әділетті қоғам қалыптастыру шаралары туралы мәлімет берілді

Президент «Келешек» бағдарламасын қолданысқа енгізетін заңға қол қойды

Бағдарламада биыл және кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға қаражат төленеді

Президент Мағауиннің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы атынан көңіл айту жеделхаты жолданған

Биыл Астанада Жеңіс күніне орай әскери шеру өтеді

Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алмақ