Өнеркәсіптік қауіпсіздік. Талап күшті болса тәуекел аз

  • 30.07.2022
Фото: ҚР ТЖД баспасөз қызметі

Өнеркәсіптік апат. Бұл апаттың зардабы басқа апаттардан бірнеше есе қауіпті болуы әбден мүмкін. Себебі, біріншіден, сонда жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмысшылардың өміріне, денсаулығына қауіп төнсе, екіншіден, өнеркәсіп орнының өзінің басына қауіп. Яғни, экономиканың басты тіректерінің бірі саналатын өнеркәсіптің бір тамыры қиылып кетуі мүмкін. Егер өнеркәсіп орны жабылып қалса, бұл жерде ең алдымен сол жерде жұмыс істеп, нәпақасын айырып отырған адамдар жұмыссыз қалады. Екіншіден, сол өнеркәсіп арқылы түсіп жатқан табыс пен салықтың жолы қиылады. Үшіншіден, мұндай өнеркәсіптердегі апаттардың дені экологиялық қауіпті болуы әбден мүмкін. Әлдебір өндіріспен айналысатын кәсіпорындарда апат болғанда табиғи ортаға, қоршаған ортаға зиянды қалдықтар бөлініп, ауаға улы газ тарап жатады көп жағдайда. Сол себепті бұл саладағы қауіпсіздікті күшейту керек.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл Қазақстанда жыл басынан бері 13 өндірістік апат орын алған. Жалпы есеп бойынша 103 оқиға тіркелген. Яғни, 103 оқиғаның 13-і үлкен көлемдегі апат деген сөз. Сол себепті, қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда кәсіпорындарға заң аясында қатаң шаралар қолданылуға тиіс. Егер, ескертуді дер кезінде түземесе, мұндай қаупі жоғары кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылуы да мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бұл үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына авариялар мен оқыс оқиғалардың санын азайту үшін әдістемелік көмекті ұлғайту туралы тапсырма берді. Министр Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Арселор Миттал Теміртау»-ға арнайы барып, ондағы қауіпсіздік шараларының қаншалықты деңгейде екенін көріп, сол арқылы жалпылама қорытынды шығарып, облыстағы өндіріс орындарының апаттан аман қалуы үшін жүргізіліп жатқан, жүргізілуге тиіс жұмыстар жайын сөйлесті.

«Арселор Миттал Теміртау» басшылығы Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне шақырылып, өндірістегі қауіпсіздік, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Арселор Миттал Теміртау басшылығы өндірістің барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Бұл өз кезегінде тек апаттың алдын алып қана қоймай, азаматтардың өндіріс саласындағы біліктілігін арттырып, бұл салаға жұмыс күшін тартуды жеңілдетеді. Себебі, қазіргі уақытта еңбек өнімділігі ең бірінші кезекте екені дау туғызбайды. Қай салада қауіпсіздік жолға қойылған, қай салада тәуекел, қауіп-қатер аздау, адамдар сол салаға қарай жиі ойысады. Қауіпсіздік тек қана апат болдырмау үшін ғана емес, жұмысшылардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін де маңызды, сол себепті, өндіріс орындарындағы барлық бағыт бойынша тазалық пен қауіпсіздік бірінші орында болуға тиіс. Министр б

Сонымен қатар, сапар барысында Юрий Ильин «КӘАҚҚ» ЖШС Республикалық орталық штабында болды, онда Республикалық орталық штабының және «АМТ» АҚ көмір департаментінің басшылығымен бірге тау-кен құтқарушыларын әлеуметтік қолдау және авариялық-құтқару қызметтерініңі заманауи құралдармен, құрал-жабдықтармен және техникамен жарақтандыру жұмыстарымен танысты. Бұл салада министрлік пен қоғам арасындағы өзара байланыс та маңызды роль атқарады. Осы бағыт бойынша алдағы уақытта еңбек адамдарының құқығын қорғау бойынша, еңбек өнімділігі мен қауіпсіздікті жетілдіру үшін екі жақты байланысты дамыту қолға алынуға тиіс.

«Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің маңызды құрамдас бөлігі – біздің министрлік пен қоғамның өзара тиімді әрекеттесуіне мүмкіндік беретін халықпен кері байланыс. Азаматтар жазған өтініштерді қарап, қажет шараларды қабылдаймыз», - деді Юрий Ильин.

Қарағанды облысы өндіріс дамыған облыс екенін ескерсек, бұл облыс тұрғындарының пікірі ең алдымен ескерілуге тиіс. Дала өрттері, су тасқыны, жағажайлардың қазіргі жағдайы да сөз болған министрдің бұл сапарында өндіріс ошақтарының қауіпсіздігі мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зиянн барынша азайтудың мүмкіндіктері де айтылды.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023

Частные школы просят усилить поддержку правительства

15.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Частные школы просят усилить поддержку правительства

Ассоциация частных школ Казахстана просит министра просвещения повысить государственную поддержку. Предприниматели предлагают ввести обеспечение коммерческих школ учебниками и методическими материалами, а также просят повышать квалификацию учителей за счет государства. Соответствующие предложения они представили на недавней встрече с главой образовательного ведомства Гани Бейсембаевым.