Өзгерген жүйе – болашақ кепілі

Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын – қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көз қарасымызды айқындай түсуіміз қажет.   

Malim Админ

  • 14.08.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жемісті саясатының арқасында қазіргі таңда осы уақытқа дейін қатпарланып қалған жүйедегі олқылықтардың орыны толтырылып, үлкен қадамдар жасалуда.

Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің басты қағидаты – мемлекеттік апарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр. Тұрғындармен тікелей қарым – қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешумен дәл осы әкімдіктер айналысуы керек. Түрлі деңгейдегі әкімдердің батыл әрі дербес қадам жасауға қабілеті жетпей жатады. Олар орталыққа жалтақтап жұмыс істейді. Бұл негізінен, әкімдердің халық алдындағы қазіргі жауаптылық  деңгейі жеткіліксіздігіне байланысты екенін мойындаған жөн. Олардың қызметіне баға бергенде өңір тұрғындарының пікірі ескеріле бермейді. Сондықтан барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын бағалау тәсілін оңтайландыру керек. Осыған орай тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізудің маңызы зор. Бұл тәсіл арқылы билік органдары жұмысының сапасына тұрғындардың көз қарасы туралы шынайы мәләмет алуға болады. Формальды есептерден гөрі сауалнамадан халықтың көңіл күйі анық аңғарылады. Өңірлік саясатта әлеуметтік – экономикалық дамудағы теңсіздікті азайтуға айрықша мән беру керек.

Алдағы уақытта ауыл әкімдерін де халық таңдау жасап, сайлау арқылы жүзеге асыратын болса, ауылдағы ағайынның аты озар еді. Бұлай деуіме себеп, ел ішінде өз ауылының тұрмыс-тіршілігімен етене жақын азаматтар жетерлік. Олар қазіргі билікке келетін болса, ауылдың әлеуетін көтеруге өз үлестерін қосары анық. Сондықтан, ауыл әкімдерін сайлау саясатын қос қолдап қолдаймын десем, артық айтпаған болар едім. Міне, енді көкейдегі осы ой жүзеге асып отыр. Ауыл әкімдерін халық тікелей сайлап жатыр. Бұл – нақты қадамы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі- ауылдық округ әкімдері) жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау бастамасын көтеріп:

«Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Кеңес еліміздегі жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 130-шы бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-ші бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды. Жұмысты сапалы әрі жедел атқарғаны үшін Парламентке ризашылығымды білдіремін.

Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек.

Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», деген болатын.

Осыған  орай республиканың Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, мемлекетіміздің кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлеп, оларды Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды. Ол қолдау тапты. Нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Түлкібас ауданында да бірнеше ауыл әкімі сайланды.

Мен қазіргі таңда Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Шақпақ баба ауылдық кітапханасының меңгерушісі  болып қызмет жасап келемін. Кітапхана – руханияттың риясыз символы, қазына қайнары, даналық мекені.

Ұлт тәрбиесі заңнан да биік деп бағалаған халқымызға  жан-жақты, халқының салт-дәстүрін сыйлайтын, қайырымды да  мейірімді, адамгершілігі мол, ел-жұртпен сыйластықта, береке-бірлікте, татулықта өмір сүре білетін жаңа заман  адамдарын тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жасап отыр. «Егер адамның жүрегіне мұз қатып қалса, көркем кітап соны жібітуге тиіс. Ал еріте алмаса ол осал шығарма» - деген Ш.Мұртазаның сөзі кітаптың адам өміріндегі, жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын айғақтаса керек.

Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ  ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі кітапхана. Оқырмандардың мәдени деңгейін көтеріп қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуде кітапхана қызметкерлері  өз үлестерін айтарлықтай қосып келеді.

Кітапханаға келген оқырмандарға қажетті ақпараттар беріліп сұраныстары қанағаттандырылып отырады. Ауыл адамдарының рухани ой-өрісін арттыру  мақсатында кітапханада мерзімді басылым беттеріндегі еліміздің басты жаңалықтарын насихаттап , тәрбиелік мағынасы бар түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады..

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын. Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз. Нақты жоспар жасап соны жүзеге асырып жатырмыз. Біз қолға алған игі бастаманың бәрін соңына дейін жеткіземіз. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде халық үшін барлық күш – жігерімді жұмсай беремін. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»  деп халқымыз бекер айтпаған. Біздің күш қуатымыз – берекелі бірлікте. Ендеше бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік. Қасиетті Отанымыз мәңгі жасай берсін.

Рысбек ИГЕНБАЕВ,

Түлкібас ауданы, Шақпақ баба

ауылдық кітапханасының меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.