Құмар Ақсақалов: Машина жасау факультетіне оқуға түсетін түлектер саны бес есе өсті 

Malim Админ

  • 14.03.2024

Қостанай қаласының өнеркәсіптік кластерінде Chevrolet Onix автокөлігін шығаратын жаңа CKD-кешені іске қосылды. Инвестициялар 33,7 млрд теңгені құрап, 400 жаңа жоғары білікті жұмыс орыны ашылды. 

Өндіріс жұмысының ресми басталуына Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, General Motors және UzAuto топ-менеджерлерінің қатысты. Жоба жылына 30 мың көлік шығаруға арналған. 
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов осындай ірі жобалар үшін өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждер болашақ инженер-механиктерді мақсатты түрде дайындайтынын айтты. 


- Соңғы 4 жылда машина жасау факультетіне оқуға түсетіндер саны 5 есе өсті. Ал 2025 жылдың соңына қарай, кәсіпорындарда жұмыс істейтін түлек саны тағы екі есеге өсетінін көріп отырмыз. Бұл біздің еліміздің болашағы – жастар үшін үлкен ынталандыру, - деді Ақсақалов.  

Министр Қанат Шарлапаев Қазақстан үшін машина жасау - экономиканың стратегиялық маңызды саласы екенін атап өтті. Оның сөзінше, жаһандық өндірушімен өнеркәсіптік ынтымақтастық қарым-қатынас орнату еліміздің қарқынды дамып келе жатқан автомобиль өнеркәсібіне серпін береді.  


- Бүгін бүкіл Қазақстан өндірісі үшін өте маңызды күн! Мен Allur зауытының қызметкерлеріне жеке алғыс айтқым келеді. Бүгін сіздердің қолыңызбен Қазақстанның индустриалық болашағы жасалып жатыр. Біз және General Motors әріптестері үшін өндірісті одан әрі арттырып, локализацияны тереңдету өте маңызды, - деді Қанат Шарлапаев. 

Жобаны іске асыру үшін Allur компаниясы бренд иесімен бірге технологиялық шешімдердің жетекші жеткізушілерін тартты. Орталық Азия елдерінде теңдесі жоқ бірегей өндірістік құрал-жабдықтар сатып алынды. Chevrolet Onix  өндірісінде GM сапа стандарттарына сәйкес келетін жоғары сапалы және жоғары дәлдіктегі лазерлік дәнекерлеуді қамтамасыз ететін роботтандырылған лазерлік дәнекерлеу технологиясы қолданылады.  

General Motors компаниясының атқарушы вице-президенті және жаһандық нарықтардың Президенті Рори Харви өнеркәсіптік кооперация мүшелеріне Chevrolet  брендінің сапалы  өндірісі мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. Ол жобаның сәтті болашағына сенім білдірді. 


Кооперациялық ынтымақтастығымыз аясында біз үнемі өсу мен кеңейту мүмкіндіктерін іздейміз. UzAuto, Allur және GM компанияларының инвестициялары мен күш-жігерінің арқасында бүгін біз осы маңызды кезеңге – Қостанайда Chevrolet Onix CKD өндірісінің басталуына қол жеткіздік. Біз жылына өндіріс көлемін  50 мың автокөлікке дейін арттыруға қолжеткіздік. Қазір Қазақстан әлемдегі Chevrolet нарығының көлемі бойынша жетінші орында. Бұл біздің табысты серіктестігіміздің айғағы, - деді General Motors International президенті  Шилпан Амин

Байланысты жаналықтар

Қостанай облысында кальян шеккендер 55 мың теңге айыппұл арқалады

18.11.2024

Қостанай облысында бауырсақ пісіруден әлемдік рекорд орнады

09.11.2024

Қостанайлық полицейлер «Иегова куәгерлерімен» соттасып жүр

27.10.2024

Қостанайда өртте қаза болған бес балаға қатысты тың деректер айтылды

14.10.2024

Қазақстандағы ең үлкен отбасы. Бір үйде 55 бала өсіп жатыр

26.09.2024

Қостанайда бес автобус өртенді

24.09.2024
MalimBlocks
Қостанай облысында кальян шеккендер 55 мың теңге айыппұл арқалады

Қостанай облысында бауырсақ пісіруден әлемдік рекорд орнады

Қамысты ауылында «Бауырсақ fest» өтті

Қостанайлық полицейлер «Иегова куәгерлерімен» соттасып жүр

«Діндарлар» соттардан жеңіліп, енді БҰҰ комитетіне шағымданған

Қостанайда өртте қаза болған бес балаға қатысты тың деректер айтылды

Еңбек министрі отбасының табысы жақсы болғанын айтты

Қазақстандағы ең үлкен отбасы. Бір үйде 55 бала өсіп жатыр

"Бала асырап алу үшін қомақты ақша керек емес" дейді Шүкіров

Қостанайда бес автобус өртенді

Өрт түнгі уақытта болған