Референдум – уақыт талабы
Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігі. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президент әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындады. Түркістан халқы референдумға көптеп қатысты. Референдумдағы оң өзгерістерді халық қолдайтынын көрсетті. Түркістандықтар осы референдумда бір үйдің баласындай бірлікте жұмылып, алдағы болатын оң өзгерістерге атсалысты. Референдум – халықтың үні, біздің бостандығымыз бен құқығымыз. Ел болашағына деген үлесіміз!
Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мемлекеттің жаңа модельін қалыптастыруды көздейді. Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына енгізілген өзгерістер мен қабылданған 20-дан астам заң еліміздің ауқымды саяси трансформациясына бағытталған, бұл өте орынды және біз жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік модельдің жаңаруын толықтай қолдаймыз. Конституцияның 6 бабына «Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі, байлығы» деген бап енгізілді. Бұл ретте халқымыздың талабы дұрыс деп ойлаймын. Сонымен қатар Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістер Парламентті, мәслихаттарды, жергілікті билікті күшейтуге бағытталған. Конституциялық референдумда дауысқа салынған өзгерістер қатарында аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі қарастырылған. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылды. 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады.
Өңірдегі тағы бір саяси жаңалық аудан мен қала әкімдерін сайлау болды. Бұл деген тікелей сайлау болады, яғни азаматтар өз елді мекенін кім басқаратынына дауыс берді. Міне, ел – жұрттың тілегі орындалып жатыр.
Шардара аудандық кітапханасы тарихы тереңге бойлаған кітапхана. Елдің елдігі сынға түскен уақытта ұлттық – рухани байлығымызды сақтап, келер ұрпаққа дәріптеп, бүгінде үлкен мәдени орталыққа айналып отырған кітапхана рөлі айрықша.
2008 жылы өткен «Білікті маман – тиімді ізденіс» атты облыстық байқауға қатысқаны үшін ІІІ-орын иегері болған Шардара аудандық орталық кітапханасы А.С Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Н.Алтаеваның Алғыс хатымен марапатталды. «Кітап және оқу» кітапхана қызметкерлерінің V Аймақтық Форумы аясында өткізілген «Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық байқауында, белсенділік танытып, өзінің кәсіби білімділігі мен шығармашылығын жоғарға деңгейде көрсете білгені үшін Шардара аудандық орталық кітапханасы ІІ орынға ие болды. 2019 жыл «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп кітап оқитын оқырмандар арасында өткен «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты облыстық байқауда 11-15 жас аралығында Шардара аудандық балалар кітапханасының тұрақты оқырманы Тұрсынбай Зухра бас жүлде иегері атанды. 2021 жыл «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп кітап оқитын оқырмандар арасында өткен «Бір мектеп – бір кітап» Республикалық онлайн акция байқауы аясында Шардара аудандық балалар кітапханасынан № 12 жалпы орта мектебі және кітапханамыздың тұрақты оқырманы Мансұр Нұрай бірінші орын иегері атанды.
Саяси жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған референдум – расында жаңа өзгерістердің бастамасы болды. «Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн. Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс. Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет. Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым. Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз», деді Президент. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатқанын көріп келеміз.
Мен, Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенемін! Барлығы өз қолымызда – алға ұмтылайық, атсалысайық.
Біздің күшіміз – бірлікте!
Ахметова Ахборан,
Шардара аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.