Р.Скляр: «Елдің алдында мен жауап беремін»

  • 01.03.2022

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилизациялық алымға байланысты мәлімдеме жасады. Ол елдің алдында ашық жұмыс істеп жатқанын, шығарылған шешімдерге байланысты бар жауапкершілікті мойнына алатынын айтады.

«Халықтың алдында ашық жұмыс істеп жатырмын. Егер қате жасасам, жауап беремін. Бірақ бүгінде біз не өнерәкәсібі бар, не өнеркәсібі жоқ ел боламыз. Менің сол үшін жаным ауырады», - депті.

«Боламыз ба, болмаймыз ба?» деген сұрақты ашық қойғысы келген вице-премьер утильалым мәселесіне байыппен қарау керек екенін, егер өндіріс жолға қойылмаса, күні ертең тек мұнайға күніміз қарап қалуы мүмкін екенін ескертіпті.

«Ертең тек мұнаймен күн көре алмаймыз.  Сондықтан сіздерді осы мәселеге терең қарауға шақырамын. Барша қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын», - дейді Скляр.

Утильалымға байланысты мәселе біраз уақыттан бері көтеріліп келе жатыр. Қаңтар оқиғасынан кейін бұл тақырып кеңінен қозғалып, үкімет пен белсенділер арасында біраз талқылау болған. Ақыры, Роман Скляр утильалым мөлшерін 50 пайызға азайтатынын айтқан. Бірақ, көптеген белсенділер мен сарапшылар бұл мөлшермен келіспейтінін білдіріп, қоғамда Склярдың отставкасын талап еткен бастамалар көтерілген.

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

28.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

27.03.2023

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

24.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?