Сайлауға қанша миллиард кететіні белгілі болды

Malim Админ

  • 21.10.2020

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын біріккен сайлау кампаниясына шамамен шығындар сметасы 15,3 миллиард теңге болатынын айтты.

2016 жылғы сайлау кампанияларымен және 2019 жылғы президент сайлауымен салыстырғанда алдағы кампаниядағы шығындар көбейгелі отыр. Оның бірнеше себебін Мұстафина айтып берді.

"Бірінші кезекте, жоспарланған шығынның көбеюі - Сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысын төлеу шығыстарының ұлғаюына байланысты жалақының төмен көрсеткішін көтеру.

Екіншіден, халық санының табиғи жолмен көбеюіне байланысты қайта құрылған 86 сайлау учаскесінің құрылуына шығындар көбейді. Оның құрамында комиссияның 600-ден аса мүшесі бар.

Үшіншіден, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, сондай-ақ пандемия жағдайында сайлау өткізуге байланысты міндетті шығындар бағасының инфляциясы. Кампания екі бюджет жылы аясында өтетінін атап өту керек. Сондықтан 2021 жылғы шығындар - 4,5 миллиард теңге "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заң жобасында көзделген және бұл сома барлық деңгейдегі сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысын төлеуге жұмсалады. 

Сонда жалпы Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын біріккен сайлау кампаниясына шамамен шығындар сметасы 15,3 миллиард теңге болады. Бұл бюджет қаржысын тиімді пайдалануда ұтымды шешім болып отыр. Себебі екі бөлек сайлау өткізгенде шығын 25 миллиард теңге болатын еді", - деді ОСК хатшысы. 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы жарлыққа қол қойды.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады