Сан-Марино коронавирусты қалай жеңді?

Malim Админ

  • 12.07.2021

Әлемдегі шағын мемлекеттердің бірі – Сан-Марино коронавирустың таралуын тоқтатқан Еуропадағы алғашқы ел. Маусым айынан бері бұл елде небәрі екі адам ғана вирус жұқтырған.  Алып мемлекеттер "үнді" штамымен алысып жатқанда, Оңтүстік Еуропадағы шағын мемлекет вирусты қалай тежеді?

Сан-Марино аумағы небәрі 61 шаршы шақырым, 33,6 мың адам тұратын оңтүстік Еуропадағы шағын мемлекет. Монте-Титано тауының оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Сан-Мариноның аумағын барлық жақтан Италия қоршап тұр.

Сан-Маринода пандемия басталғалы 5 мың адам вирус жұқтырып, 90 адам інденттен қайтыс болды. Алайда 2021 жылдың сәуір айының ортасынан бастап індеттің таралуы төмендеп, мамыр-маусым айларында толық тоқтады.

Еуроодақ Ресейдің "Спутник V" вакцинасын тіркемей жатқандықтан, одаққа кіретін елдер ол вакцинаны пайдаланып жатқан жоқ. Алайда Сан-Марино Еуроодаққа кірмейді. Сөйтіп, The Lancet ғылыми журналына Ресей вакцинасының сынақ нәттижелері туралы шыққан мақаладан кейін, Сан-Марино билігі "Спутник V" вакцинасын егуге рұқсат етті.

Сан-Маринода жаппай вакцинация 25 ақпанда басталған. Ресейдің "Спутник" вакцинасынан бөлек халыққа Pfizer/BioNTech вакцинасы қолжетімді болды. Бірақ вакцина салдырғандардың 87 пайызы "Спутникті" таңдаған. 5 шілдедегі ақпарат бойынша, Сан-Маринода 22 485 адам, яғни халықтың 66 пайызы екпе салдырған.

Жаппай вакцинация басталған соң бір айдан кейін Сан-Маринода вирус жұқтыру көрсеткіші күрт төмендеген. Наурыз айының алғашқы жартысында бір аптада 200 адамнан вирус анықталса, сәуір айының алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 30 адамға төмендеді. Маусым айынан бері екі адамнан ғана вирус анықталғанын ескерсек, бұл ел індетті толығымен жеңді деуге болады.

Ғалымдар індетті тоқтата алған Сан-Марино тәжірибесі, ол елдегі жаппай вакцинация мен "Спутниктің" жаңа штамдарға қарсы тиімділігі туралы зерттеу мақалаларын ғылыми журналдарға шығарып жатыр.

The Lancet медициналық журналы шығаратын EClinicalMedicine журналына шыққан мақалада Сан-Маринодағы  вакцинация кезінде "Спутник V" вакцинасы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсеткені жазылған.  Оны анықтау үшін ғалымдар 4 мамыр мен 8 сәуір аралығында Сан-Маринодағы жасы 18-89 арасында Ресей вакцинасының бір және екі компонентін алған адамдардың арасында зерттеу жүргізген. Сауалнама нәтижесі "Спутник" екпесін салдырған жасы алпыстан асқан азаматтар вакцинаны жақсы көтеретінін көрсетті.

Екпе салдырғаннан кейінгі жағымсыз әсер жеңіл немесе орташа болған, екі күннен аз уақытқа созылған. Ал жасы алпыстан асқандарда екпенің жағымсыз әсері сирек болған. Вакцинадан кейін ауруханаға ешкім түспеген, ешкім қайтыс болмаған.

Зерттеу "Спутник V" екпесінен кейінгі жағымсыз симптомдар өзге вакциналардан кейін болатын симптомдармен бірей екенін көрсетті. Ол – екпе салған жердің ауыруы, сәл ісуі, әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, буын мен бұлшықеттің ауыруы.

Сан-Марино – Еуропадағы коронавирусты тежеп, шектеу шараларын алған алғашқы мемлекет. Ресейдің тікелей инвестициялар қоры бұл "Спутник V" вакцинасының арқасы деп есептейді.

Италияның Ладзаро Спалланцани атындағы жұқпалы аурулар ұлттық институтының ғалымдары "Спутник V" вакцинасын алған мың адамға жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйеніп, вакцинадан кейін вирусқа қарсы жоғары иммунитет пайда болады деген қорытынды жасады.

Індетті жеңген Сан-Марино енді туризмді аяғынан тік тұрғызып жатыр. Бұл елде мамыр айынан бері "вакцина туризмі" басталған.  Еуропаның өзге елдерінен туристер Сан-Мариноға "Спутник V" вакцинасын салдыруға келіп жатыр.

Фото: britannica.com

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін