Сарыағаштағы бес жасар қыздың өліміне күдікті босатылған 

Кісі қолынан өлген бес жасар сәбидің жетісіне жиналған жұрт наразылыққа шықты.

Malim Админ

  • 20.07.2023

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында тұрғындар жиналып тергеуді әділ өткізуді талап етуде. Бір топ әйел «Педофилдерге өлім!», «Әділ сот болсын!» деген жазуы бар плакат ұстап, қазақ-өзбек шекара бекетіне апаратын күре жолды жапқан. Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ келген.

Жиналғандардың айтуынша, қыздың өліміне байланысты тергеуге тағы бір күдікті ұсталған, бірақ кейін оны босатып жіберген.  Тұрғындар «сот-медициналық сараптама қорытындысы шықпай, күдіктіні шығаруға болмайды» деп талап қойған.

Жолды жапқан наразы жұртты арнайы жасақ әкімдік ғимаратына апарып, әкімдік өкілдері мен полиция әйелдердің шағымын тыңдап, сұрақтарына жауап береміз деген.

Тұрғындар айтқан екінші күдікті бойынша ақпарат әзірге толық расталмады.

https://malim.kz/article/society/tagy-da-bes-zasar-qyz-qaza-boldy-19707