Шетел нөмірімен жүрген көліктерге  айыппұл көбейеді

Жүргізуші қандай жағдайда куәлігінен айырылып, қамалады?

  • 13.07.2022

Әкімшілік кодекске түзету енгізілді және оған президент қол қойып тастады.

Енді мемлекеттік нөмірсіз немесе тіркеусіз көлік басқарса — жүргізуші куәлігінен айырылады. Әкімшілік кодекстің 590-бабына қосылған 2-1 тармақ бойынша,  енді мемлекеттік нөмірі жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті бір жылда қайта басқарса, 20 АЕК (2022 жылы 61 260 теңге) айыппұл салынады немесе жүргізуші бір жылға куәлігінен айырылады.

Яғни, шетелден көлік әкеліп, оны Қазақстанда тіркемей «басқа» немесе транзиттік нөмірмен жүрген қазақстандықтар үшін жауапкершілік артады. Бұған дейін мұндай машина ұсталса 10 АЕК айыппұл салынатын. Жүргізушілер осы айыппұлды төлеп тастап, көлікті тіркемей жүре беретін. Енді мемлекеттік көк нөмірі жоқ немесе елімізде тіркелмеген машина екінші рет ұсталса, жүргізушіге екі есе айыппұл салынады немесе бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

12 шілдеде жарияланған бұл талап 60 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

Баста бетте көрнекі фото, интернеттен алынды.