Сот жүйесі ғалымдары бірнеше ұсыныс айтты

  • 22.10.2021

Сот жүйесі десе, әдетте, тек тәртіп бұзғандарға жаза тағайындап, кінәлі тарапты анықтап, кінәсіз тарапқа еркіндік берумен айналысатын органды ғана елестетеміз. Бірақ, сот жүйесі ғалымдары деген топтың бар екенін біле бермейді көп адам. Сот жүйесі ғалымдары деген сөз естілгенде-ақ оның немен айналысатынын бірден түсіне қоясыз. Өйткені, ғылым, қай салада болса да өзінің негізгі міндеті – зерттеумен айналысады. Сот жүйесі ғылымы да аты айтып тұрғандай сот жүйесін жетілдіруге болатын жолдарды қарастырады. Яғни, сот жүйесі ежелден бар, ежелден бері қарай жетілдірілумен келеді, бұдан ары қарайғы уақытта да адамдар арасындағы заңның үстемдігін, ол үшін әділ соттың салтанат құруын қамтамасыз етіп, қызмет ете бермек.

Сот жүйесі ғалымдары тек өздері жұмыс істейтін мемлекеттің қоғамын ғана зерттемейді, олардың зерттеу аймағы өте үлкен. Мәселен, бір қылмыс түрі бір елде қатты ушығып т ұр, ал келесі бір елде бұл қылмыс түрі мүлде жоқ деуге болады. Әрине, алдымен, сот жүйесі мен заңдық талаптар зерттеледі. Содан кейін барып өзге бағыттар қамтыла бастайды. Бұл тұрғыдан алғанда сот жүйесі ғалымдарының халықаралық қарым-қатынастары мен тәжірибе алмасулары маңызды роль атқарады.

Осындай игі бір кездесу Қазақстанда да болды. Бұл жолы Тараз қаласында әлемнің біраз елінен келген сот жүесі ғалымдары бас қосты. Сот жүйесі ғалымдарының халықаралық форумы. Бұл дәстүрлі диалогты Жамбыл облыстық соты мен Сот төрелігі академиясы ұйымдастырып отыр. Аталмыш форум Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Судьялар одағының 25 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді. Мақсат – сот қызметін жетілдіруде ғалым-судьялардың ғылыми әлеуетін жан-жақты пайдалануға бағытталған. Форумның коронавирус пандемиясына байланысты қойылған шектеулерге байланысты жартылай онлайн, жартылай оффлайн өткенін де айта кету керек.

Қазақстан, Ресей, Қырғыз, Өзбекстан және Беларусь сот жүйесінің ғалымдары атсалысқан форумға тікелей келіп Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов және жоғары оқу орындарының ректорлары қатысып қайтты. Форумды жүргізген Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов басқосуға қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Одан кейін облыстық соттар ғимаратына тоқталды. Ол сот ғимаратын «ең алдымен, судьяларға емес, процеске қатысушы адамдарға қажет» дейді. Спикер 3 жыл бұрын 17 облыстық соттың жетеуі ескі және тар жерлерде жұмыс істеуге мәжбүр болған және бұл қалай айтсаңыз да заманауи сот төрелігінің талаптарына сай келмейтін еді. Осыған орай осы үш жыл ішінде 3 облыстық соттың жаңа ғимараты пайдалануға беріліпті. Одан бөлек 2022 жылы жылы тағы сот ғимараты пайдалануға берілмек көрінеді.

«Жалпы алғанда, соттың миссиясы біреу – сот төрелігін заңды әрі әділ жүзеге асыру. Соттардың күнделікті қызметі мен жүргізіліп жатқан реформа азаматтардың, бизнес өкілдері мен инвесторлардың сенімін ақтауға бағытталуы тиіс», - деген Жақып Асанов соңғы үш жылдағы сот жүйесіне жасалған реформалар жайлы кеңінен баяндады.

Оның айтуынша, қоғам  сенімін арттыру мақсатында соңғы 3 жыл ішінде қабылданған шаралар қатарында, мәселен, кәсіби деңгейі төмен заңгерлерге судьялыққа жол жабылғаны, татуласу рәсімдері мен белсенді түсіндіру жұмысының нәтижесінде жоғары тұрған соттарға шағымдардың 27%-ға азайған. Соттар тәуелсіздігін нығайту, сот актілерінің жаңа форматы, ақтау үкімдері саны да артқан. Тағы бір айта кетерлігі, әкімшілік әділет жүйесі қолданысқа енген 3 ай ішінде 21 жаңа әкімшілік сотқа 7 мың талап арыз келіп түскен. Арыз иелерінің 60%, жеке тұлғалар, бизнес өкілдері өз мақсаттарына қол жеткізген. ӘРПК-ге дейін талап арыздарды қанағаттандыру деңгейі 14% болса, өткен 3 айда мемлекеттік органдар шешімінің күшін жою көрсеткіші бұрынғыға қарағанда үш еседен асып отыр. Сондай-ақ Президент тапсырмасына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделі енгізілген. Модель конституциялық құқықты, соның ішінде бизнесті заңсыз қылмыстық қудалаудан қорғау үшін тиімді механизм қызметін атқармақ. Ал, алдағы уақыттағы жоспарларға келсек, азаматтық процесс бойынша «Сотқа дейінгі хаттама», «Аумақаралық соттылық», «Үлгілі шешім», «Цифрлық талдау» және т.б. жобаларды енгізу жоспарда бар.

Форум сот жүйесі ғалымдарына тиесілі болғандықтан, Қазақстандағы бұл мамандық иелері жайлы айтпай кетуге болмайды. Судьялар одағының төрағасы Сәкен Абдолла республика соттарында 91 ғалым еңбек ететінін айтады. Оның алтауы – ғылым докторы, төреуі – PhD докторы және 81-і – заң, психология, экономика, саясат ғылымдарының кандидаттары. Спикер сот жүйесін дамытудағы ғалым-судьялардың үлесін атай келе, оларды ғылыми атақтарға ұсынуда теңқұқықтық қағидатын қамтамасыз ету, ғылыми дәрежесі бар судьялардың жалақысына үстемеақы қосу, Салық Зиманов атындағы медаль бекіту және оны сот жүйесін дамытуға үлес қосқан тұлғаларға тағайындау туралы ұсыныс айтты. Ол бұған дейін де бірнеше адамның  «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғанын айтады.

Форумда көтерілген тағы бір мәселе - судьялардың ғылыми құқықтық доктринаны пайдалану мәселесі. Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина бұл заңның рухы мен мазмұнын анық түсіну, құқық ережелерін дұрыс қолдану үшін керек деп есептейді.

Бұдан өзге де тақырыптарда пікір алмасқан қатысушылар әсіресе, материалдық және процестік заңнаманы қолдану ерекшеліктеріне қатысты кеңінен сөз қозғады. Ресейлік ғалымдар С.Афанасьев пен А.Ермаков цифрлық технологияларды ескере отырып, заманауи азаматтық процестегі татуластыру рәсімдері туралы айтты, ал қазақстандық судьялар Б.Бегалиев, Л.Рамазанова және Г.Оңланбекова азаматтық процестегі сот төрелігінің тиімділігін арттыру, жазаны өтеу кезінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы заңнаманы жетілдіру және БАҚ-пен өзара іс-қимылы жағдайында сот билігінің тәуелсіздігі жайлы пікір білдірді. Беларусь пен Қырғызстан өкілдері Е.Новикова мен А.Уметова қылмыс құрамының көптігі жағдайында қылмысты саралау мен жаза тағайындау туралы тоқтала келіп, қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан  Қырғыз Республикасындағы сот реформасы төңірегінде де әңгіме өрбітті.

Отандық сарапшыларымыз да арнайы пікір білдіріп отырған форумда судьялардың істерді қарау кезіндехалықаралық нормаларды қолдану деңгейі де сөз болды. Форум барысында екі библиографиялық жинақ таныстырылды. Екеуі де осы сала мамандарына арналғанын айта кеткен жөн.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады