Тілшілер Шымкенттен таңғалып қайтты

Malim Админ

  • 16.04.2021

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Шымкент қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен екі күндік семинар-тренинге қатысқан танымал журналистер үшінші мегаплоистегі «Тассай» индустриалды аймағына барып, таңданып қалған.

Мәселен, белгілі журналист Диас Нұрақын көзбен көргенін былай жеткізді: Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында балалардың тәттісінен бастап, шөл басар сусын мен сүлгі шығаратын зауыт-фабрикалардың барын көпшілік біле бермейді екен. Бүгін осы өндіріс орындарына республикалық БАҚ өкілдерінің бір топ тілшілері келді. Ақпараттың айдынында жүрген журналистер Шымкентте көкөніс пен қауын-қарбыздан да басқа тұрмысқа қажетті заттардың шығарылатынына көз жеткізді. Мәселен, «Nurtau distribution company» кондитерлік фабрикасына кірген адам қайтып шыққысы келмейді. Өйткені кәмпит пен сағыз шығаратын фабрикадағы тәтті иіс бала түгілі тілшілерді де жіпсіз байлап қойды. Мұнда тәулігіне 3 тонна кәмпит пен 3 тонна сағыз шығарады. 45 түрлі тәтті өндіретін кәсіпорында екі ауысыммен 200-ге тарта адам жұмыс істейді екен. Экологиялық таза тәттілердің қалай дайындалатынын көзбен көрген тілшілер, «Болашақ-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түрлі сусындар шығаратын зауытына да ат басын бұрды. Бұл жерде минералды ауыз су, газдалған және энергетикалық сусындар өндіріледі. Жылына 34 миллион бөтелке сусын құйылады екен. Кәсіпорынға 1 миллиард 30 миллион теңге инвестиция тартылған. Ал, «AZALA Textile» компаниясының мата-тоқыма фабрикасы отандық жеңіл өнеркәсіптің көшбасшысы деуге болады. Бұл жерде жылына 2 800 тонна жіп пен 14 миллион метр мата шығарылады екен. 2800 тонна жіпті темір жолға артсаң 50 вагонға жүк болатындай тауар. Осыдан-ақ фабриканың қуатын аңғаруға болады. Отандық кәсіпорын өнімдерін ішкі нарықтан бөлек, Латвия, Литва, Германия, Италия, Польша мемлекеттеріне экспорттайды. Естіген адамға өтірік шығар. Бірақ осының бәрін бүгін тілшілер көзбен көріп, қолмен ұстады. Пресс-тур барысында Нұр-Сұлтан мен Алматыдан келген қонақтар «Сп «Люкс шуз», «Шымкент кашемир», «АГФ Груп», «Назар Текстиль» және өзге де кәсіпорындарда болды. Индустриалды аймақтың әлеуетін көріп, керекті жерлерін қойын дәптерлеріне түртіп алды. Шымкенттегі индустриалды аймақта орналасқан барлық өндіріс ошақтарына жергілікті әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп отырады. Мәселен кәсіп ашып, шаруа бастаймын дегендерге тегін жер беріліп, инфрақұрылым бюджет есебінен жүргізіледі. Күні бойы аяқ талғанша аралаған кәсіпорындардың өнімдері сапасы жағынан шетелдік тауарлардан кем түспейді. Өйткені мұнда қолданылатын шикізаттың жартысынан көбі өзімізден шығады. Демек экологиялық таза, ешқандай қоспасы жоқ деген сөз. Ал, мамандардың барлығы көшеден келгендер емес. Көбі кәсіби даярлықтан өткен. Алды еуропа елдеріне барып біліктілігін арттырған екен. Бір сөзбен айтқанда, Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды даму үстінде. Әсіресе күңгейдегі қала мегаполис мәртебесін алғалы, кәсіпкерлердің тынысы ашылғандай. Өйткені еліміздегі ең ірі үш қаланың біріне шетелдік инвесторлар да келе бастаған. Өңірде еркін экономикалық аймақ өте нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Бұл қаланың дамуына, көркеюіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлкен септігін тигізері анық. Осының бәрін журналистер келді, көрді. Бағасын енді өздері бере жатар.

 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.