Ұшақ апатынан сүйектері үгітілген адамды аяққа тұрғызған

Жалпы саны 24 операция жасалған

Олжас Қасым

  • 25.09.2023

Естеріңізде болса, осыдан сегіз жыл бұрын Жамбыл облысында   ұшақ апатқа ұшырап, бір жолаушы ғана аман қалған болатын.  Әсем Шаяхметованың екі аяғы, омыртқалары сынып, сүйектері үгітіліп, қайта оңалуы қиынға соққан еді. Қазақстанда мұндай ауыр халдегі сырқатты емдеп шығу тәжірибесі бұрын-соңды болмаған кез.   Әсемнің жан түршіктірер әуе апатынан аман шығуына әлі күнге таң қалатындар көп. Ал оны ұшақ апатынан кейінгі күрделі  жағдайда аяққа тұрғызған дәрігерді көпшілік біле бермейді. Ол - травмотолог, ортопед Ерсін Жүнісов.  Білікті дәрігер  ең ауыр және тәуекелді қажет ететін операцияларды қалай жасағанын және қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып берді. 

травматолог-ортопед Ерсін Жүнісов  

«Астанадағы №1  қалалық  аурухананың базасында орналасқан политравма және ортохирургия деген орталықта қызмет ететінмін.  Бұл  республика көлеміндегі күрделі жарақаттарды емдеуге арналған мекеме. Әсемнің жағдайы туралы  ұлттық санитарлық авиациядан хабар келіп түсті. Әуе апаты болып, науқас Шу қаласының ауруханасына жеткізілді деген ақпарат алдық. Мен сол ауруханадағы политравма және ортохирургия департаментінің жетекшісі едім. Омыртқасында кінәрат болды. Өйткені, компьютерлік томография жасауға ауданда мүмкіндік  болмады. Уақыт созбай,  өлім мен өмір арасында сенделген азаматшаны Астанаға алдырдық. Компьютерлік тамография арқылы омыртқаның күрделі сынығын анықтаған соң бірден бірінші операцияны жасадық»,-дейді маман. 

Айта кетейік,  Әсем Шаяхметованың белінен төменгі бөлігі ауыр жараланған  болатын.  Тіпті дәрігерлер «науқастың аяғын кесеміз бе, әлде алып қаламыз ба?» деген сұрақтармен де бетпе бет келген.

«Омыртқаны бекітпесе аяғы немесе басқа да мүшелері сал болып қалуы мүмкін. Тірек жүйесіне ота жасалғанда мен негізгі оператор болдым да, политравмада тұтас команда жұмыс істеді. Көптеген күрделі ашық сынықтар болды. Ангеграфия көмегімен тамырларды тексеріп, нәтижесіінде аман алып қалуға мүмкіндік туды. Жалпы саны 24 операция жасалды. Өкінішке қарай, авиакатастрофадан адамдардың тірі қалуы сирек кездесетін жайт. Бұл біздің мойнымызға аса үлкен жауапкершілік жүктеді»,-дейді  Е.Жүнісов.      

2006 жылдары Қазақстанда әлемде жүзеге аса бастаған «Демедж контрол»  концепциясы енгізіп жатқан еді.  Травматологтың айтуынша, соның нәтижесінде күрделі жарақат кезінде емделушіні аман алып қалуға мүмкіндік туды. Бұрынғы ескі әдіспен жұмыс істесек  науқастың оңалуы қиын еді. 

            Қазақстанда автокөліктік және өндірістік жарақаттар көп 

Дәрігер басқа елдермен салыстырғанда бізде автокөліктік және күрделі өндірістік жарақаттар кезінде өлім мен мүгедек болып қалу жағдайлары жиі кездесетінін айтады. Оны азайту үшін басқа да инновациялық технологияларды енгізу керек. Осы мақсатта елімізде биыл тұңғыш рет халықаралық Травматология және  Ортопедия орталығы ашылды.   Ерсін Жүнісов қазір сол мекеменің  бас директоры болып қызмет атқаруда. Биыл ғана ашылған орталық әлемнің 6 мемлекетімен тығыз жұмыс істейді. 

«Бұл шетелдік ғалымдардың бірлескен жобасы. Негізгі мақсат - ғылым мен инновацияны қолданып өндірістік-технологиялық парктерді құру.  Әлемдік технологияларды отандық клиникалық ауруханаларда жүзеге асыру. Осы арқылы қазақстандық, Орта Азиялық  дәрігерлерді озық технологияларға бейімдеу, біліктіліктерін арттыру. Өкінішке қарай, Орталық Азияда ортопедия-травматология саласы бойынша технологиялық парк жоқ. Шетелдік ортопедия-травматология жұмысы міндетті түрде осындай парктер арқылы жүргізіледі». Бұл ретте ғалым біз жастарды тәрбиелеп, ғылымды дамытсақ, аталған бағыт өздігінен өндірісте кең қолданыс табады деп отыр.        

Байланысты жаналықтар

Кореяда құлаған ұшақтың «қара жәшігінен» деректер алынды

01.01.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: Көз жұмған 3 маңғыстаулықтың отбасыларына қаржылай көмек берілді

30.12.2024
MalimBlocks
Кореяда құлаған ұшақтың «қара жәшігінен» деректер алынды

29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында Jeju Air ұшағы апатқа ұшырады

Ақтаудағы ұшақ апаты: Көз жұмған 3 маңғыстаулықтың отбасыларына қаржылай көмек берілді

Марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау көрсетілді