Ақтаудағы ұшақ апаты: Көз жұмған 3 маңғыстаулықтың отбасыларына қаржылай көмек берілді

Марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау көрсетілді

Malim Админ

  • 30.12.2024

Ұшақ апатынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туыстарына барлық қолдау шаралары көрсетілуде, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.


Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтарды алып кетуге келген туыстарына Маңғыстау облысы тарапынан  қолдау шаралары көрсетілуде.

Дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен волонтерлар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Туыстарын алып кетуге келген шетел азаматтарын әуежайдан күтіп алып-шығарып салу, қонақ үйге орналастыру және т. б. қолдаулар жасалуда.

Атап айтқанда, өңірлік психологтар мен дәрігерлер облыстық ауруханада қайғырып жүрген жандардың денсаулығын тексеріп, психологиялық көмек беріп жатыр.

Сондай-ақ, ыстық тамақ пен шәймен қамтамасыз етілуде.

— Сонымен қатар, ұшақ апатынан көз жұмған Маңғыстау облысының 3 азаматының отбасына қаржылай көмек беріліп, марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау көрсетілді,  — делінген әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болған жандардың арасында 6 Қазақстан азаматы бар.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

 

Байланысты жаналықтар

Ақтаудағы қымбат қонақүй маңында ондаған өлі құс табылды

02.01.2025

Кореяда құлаған ұшақтың «қара жәшігінен» деректер алынды

01.01.2025

Ақтаудағы жасанды пальмалардың бірі өртеніп кетті (ВИДЕО)

01.01.2025

«Қасақана болмаса да атып түсірілуі мүмкін». Ильхам Әлиев ұшақ апатына қатысты сұхбат берді

29.12.2024

Ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық Ринат Асанов есін жиды

29.12.2024

Көлік министрлігіндегі комиссия ұшақ апаты болған оқиға орнына барады

29.12.2024
MalimBlocks
Ақтаудағы қымбат қонақүй маңында ондаған өлі құс табылды

Өлі денелері 500 метрге дейін шашылған

Кореяда құлаған ұшақтың «қара жәшігінен» деректер алынды

29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында Jeju Air ұшағы апатқа ұшырады

Ақтаудағы жасанды пальмалардың бірі өртеніп кетті (ВИДЕО)

Оны сөндіруге 9 минут кеткен

«Қасақана болмаса да атып түсірілуі мүмкін». Ильхам Әлиев ұшақ апатына қатысты сұхбат берді

Дегенмен соңғы сөз «қара жәшікті» ашқаннан кейін белгілі болатынын айтты

Ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық Ринат Асанов есін жиды

Оның туыстарымен таныған әсерлі бейнежазбасы жарияланды

Көлік министрлігіндегі комиссия ұшақ апаты болған оқиға орнына барады

Бүгінде Ақтауға 17 халықаралық сарапшы келген