457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтау прокуроры шу шыққаннан кейін жұмыстан уақытша шеттетілді

Алматының Авиациялық көлік прокуроры Ақтау қаласының мамандандырылған соты шығарған шешімге қарсы шағым түсірді. Бұл сот шешімі Ерболат Әбдіровке қатысты ұсақ бұзақылық ісін тоқтату жайында болған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, сот актісінің заңдылығы мен апелляциялық шағымның негіздері Маңғыстау облыстық сотында қаралады.

Ведомствоның хабарлауынша, қызметтік тексеру жүріп жатқандықтан, Әбдіров «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 38-бабына сәйкес уақытша қызметінен шеттетілді.

Еске салсақ, 9 қыркүйекте Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровтің ұсталғаны белгілі болды. Оған қатысты тексеріс Маңғыстау облысы прокуратурасы деңгейінде жүргізілген. 12 қыркүйекте қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі сот іс материалдарын қарап, заң бұзушылық болмағанын алға тартып, істі тоқтатқан.

Белгілі болғандай, 27 тамызда Алматы әуежайында Әбдіров екі жерлесімен танысып, кейін олар ұшаққа апаратын автобустың ішінде сөзге келіп қалған. Келесі күні полиция қызметкері оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Алайда сотта жерлестері прокурорға еш шағымы жоқ екенін айтты.

Сот шешімінде автобустың қоғамдық көлікке жатпайтыны көрсетілген. Сонымен бірге бүгін сараптама қорытындысы Әбдіровтің сол кезде өзін-өзі дұрыс ұстағанын және есі болғанын растаған.

Фото: gov.kz

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған