Вагнер жалдамалы әскері Батысқа барғысы келеді

Беларусь басшысы Пригожиннің жалдамалы әскері Варшаваға «қыдырып» барғысы келетінін хабарлады. 

Malim Админ

  • 24.07.2023

Беларусь президенті Лукошенко Ресей президентімен кездесуінде «Вагнерліктер бізді қатты қыса бастады.  Батысқа барғымыз келеді, рұқсат етіңіз деп қоймайды. Мен: Батысқа не үшін барғыларың келеді десем, «Варшава мен Жешовқа тып-тыныш экскурсияға барып келсек, біз не болып жатқанын білеміз және басқарып отырмыз» дейді. Мен оларды келісім бойынша Белоруссияда ұстаймын, оларды Еуропаға жібергім келмейді, өйткені олардың көңіл-күйлері онша емес. Олар Кеңес мемлекеттерінің айналасында не болып жатқанын жақсы біледі. Біз әрине бұған жан-жақты қарсылық көрсетеміз», - деген видеосын Павел Зарубин («Россия» телеарнасындағы Путин бағдарламасын жүргізеді) жариялады.

Белорусь президенті Лукашенко мен Ресей президенті «Вагнер» жалдамалыларының бүлігінен кейін бірінші рет кездесіп отыр. Лукошенко Вагнер жалдамалары Жешовты не үшін атап өткенін де айтты. Өйткені Пригожиннің ротасы бұрын жаулап алуға тырысқан Бахмутты қорғау үшін сол жерден әскери техника жіберілген.

Бейнежазбада Лукашенко «Батысқа сұранып отыр» деген сөзді айтқанда, осы уақытқа дейін қабағы ашылмаған Путиннің жымиғанын көруге болады.

Бұған дейін Путин Ресей қауіпсіздік кеңесінің апта сайынғы отырысында қысқа да, нұсқа сөйлейтін ал соңғы кеңесте күтпеген жерден ұзақ сөз сөйлеп, поляк билігі Батыс Украина мен Беларусьті басып алғысы келеді дегенді айтты.

Ресейде 24 маусымда болған әскери тәртіпсіздіктің қорытындысы бойынша Вагнер жалдамалы әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин Лукашенкомен Беларуське қоныс аударуға келіскен. 28 маусымда Лукашенко Пригожиннің Беларуське өз қаражатымен келгенін айтқан болатын. Бірақ 6 шілдеде Вагнердің негізін қалаушы әлі Ресейде жүргенін  айтты.

Белорусьтің БАҚ-тары қазірдің өзінде 2000-2500 жалдамалы сарбаздың келгені туралы жазып жатыр. Демалыс күндері Пригожиннің Беларусьте компаниясын тіркегені белгілі болды.

Байланысты жаналықтар

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

07.05.2025
MalimBlocks
Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы