Жаңаөзен қырғынына ұласқан ереуілге тоғыз жыл толды

Malim Админ

  • 27.05.2020

Осыдан тұп-тура 9 жыл бұрын Маңғыстау облысында "Ерсай Каспиан контрактор", "Өзенмұнайгаз" мен "Қаражанбасмұнай" компанияларының жұмысшылары еңбек құқықтарын даулап,  ереуілге шыққан. Мыңдаған жұмысшы жұмыс берушіден жақсы жұмыс жағдайы мен еңбекақы көтеруді талап етті. Сол күнгі жағдайды және оның салдарын еске алып, қысқаша шолып өткенді жөн көрдік.

 

Ерсайдағы ереуіл

Маңғыстаудағы жұмысшылардың ереуілі Қашаған жобасына құрылыс жұмыстарын жүргізетін Қарақия ауданы Құрық кентінде орналасқан "Ерсай Каспиан контрактор" жұмысыларының наразылығынан басталған. Компанияның 800-ге жуық жұмысшысы – дәнекерлеушілер, құрастырушылар, жүргізушілер мен басқалары мамырдың 11-інен бастап ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатты. Қазақстан мен Италияның біріккен кәсіпорнының акциялары ERC Holdings (Ланкастер груптың еншілес ұйымы) және итальяндық "Сайпем Интернейшнл" компаниясына (ENI Group еншілесі) тиесілі.

[caption id="attachment_4073" align="aligncenter" width="1024"] Ереуілге шыққан "ерсайлықтар"[/caption]

"Ерсайлықтар шетелдік жұмысшылармен еңбекақы төлеудегі айырмашылықты жойып, айлық жалақыны көтеруді сұраған. "Ерсай" жұмысшылары тәуелсіз кәсіподақты копания жұмысына қатыстырып, қызметкерлер мәселесін шешу үшін кәсіпорын басшыларымен келіссөз жүргізуді сұраған. Компания жұмысты тоқтатқан жұмысшылардың үстінен сотқа арыз түсіріп, ереуілдің заңсыз екенін мәлімдеген.

"Қаражанбасмұнайдағы" ереуіл

Ерсайлықтардың ізінше Қаражанбас мұнай кенішінде жұмысшылар жұмысты тоқтатып, ереуілге шықты. Олар еңбекақыны көбейтіп, 1,8 коэффициентпен үстемақы төлеп, тәуелсіз кәіподақ жұмысына кедергі келтірмеуді талап етті.

"Қаражанбасмұнайдың" жүздеген жұмысшысы маусым айының басында Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласына келіп, ереуілін жалғастырды.

5 маусым күні "Қаражанбасмұнайдың" жүздеген жұмысшысы облыстық әкімшілік алдына барып, аштық жарияламақ болды.

[caption id="attachment_4074" align="aligncenter" width="1024"] "Қаражанбасмұнай" жұмысшылары әкімдікке бет алды, Ақтау, 5 маусым 2011 жыл[/caption]

Ақтаудағы автобекеттен әкімдікке бет алған жұмысшылардың жолын полицейлер бөгеді.

Екі жақтың келіссөзі қақтығыспен аяқталып, полиция жұмысшыларды жаппай ұстады.

[caption id="attachment_4077" align="aligncenter" width="1024"] Қаражанбас мұнайшыларының полицейлермен қақтығысы, Ақтау 5 маусым 2011 жыл[/caption]

Бір жұмысшыға төрт-бес полицейден жабылды.

Әкімдік алдындағы ұстаулар

Полицейлер жұмысшылардың қол-аяғын жерге тигізбей, автозакқа тиеп жатты

Жаңаөзендегі наразылық

Көп ұзамай наразылыққа Жаңаөзендегі "Өзенмұнайгаз" жұмысшылары қосылды. "Өзенмұнайгаздықтар" еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесіне наразылық білдіріп,  жалақыға 1,8 коэффициент үстемақыны қосып, айлықты көтеруді талап етті.  Алайда "Өзенмұнайгаз" компаниясы жұмысшылардың талабына құлақ аспады.

Мұнайшылар президент пен үкімет жетекшісі К.Мәсімовтің мәселеге араласуын сұрады. Нәтиже болмаған соң, халықаралық еңбек ұйымына хат жолдады.

"Өзенмұнайгаз" жұмысшыларының арасында аштық жариялағандар да көп болды

Әуелі кеніш басында басталған наразылық кейін Жаңаөзен орталығындағы Тәуелсіздік алаңында жалғасты

Жеті айға созылған ереуілдің арты 2011 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік мерекесі тойланған күні қантөгіске ұласты.  Жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция бейбіт халыққа оқ атып, оқиға кезінде 16 адам қаза тапты.

Фотолар: malim.kz

Бас суреттегі фото lada.kz сайтынан алынды

 

Байланысты жаналықтар

Бүгін Германиядағы Volkswagen зауыттарының жұмысы тоқтайды

02.12.2024

Мұнай компаниясының басшысы қызметкерлерге бөлінген 321 млн теңгені қалтаға басқан

03.11.2024

Олжас Бектенов Жаңаөзенге барды

25.09.2024

Мексикада судьялар президент саясатына қарсы шықты

20.08.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

08.04.2024
MalimBlocks
Бүгін Германиядағы Volkswagen зауыттарының жұмысы тоқтайды

Ереуілге IG Metall кәсіподақ ұйымы ұйытқы болмақ

Мұнай компаниясының басшысы қызметкерлерге бөлінген 321 млн теңгені қалтаға басқан

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған

Олжас Бектенов Жаңаөзенге барды

Ол президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп ГӨЗ құрылысымен танысты

Мексикада судьялар президент саясатына қарсы шықты

Шерушілер Мехико сот ғимараты алдына жиналып, кіреберістерді шынжырлап тастады

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

Ерікті тұрғындар мектеп, мешіт және үйлерде оларға жататын орындары мен ас-суларын дайындап қойған.