Жемқорлық ұғымы жат болуы керек

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 25.08.2021

Мемлекеттік дамуына, қоғамның алға жылжуына кедері келтіретін ең сорақы дүниенің бірі – жемқорлық. Еліміздің билік жүйесінде, әр түрлі лауазымда отырған шенеуніктер дүркін-дүркін ұсталып жатады. Дұрыс! Ұсталсын! Бірақ солардың жемқорлыққа лауазымды қызметке тағайындалғаннан кейін келе ме, әлде дайын жемқор боп келе ме осы жағы мазалайды. Халықтың ақшасын жемеймін, айлығым да жетеді деп, билікке келетін жан бар ма деген ойға қаласың. Түсінеміз, қосымша бизнесі болсын. Оны қазірі кезде ешкім жоққа шығара алмайды. Нарықтық уақытта әркімнің қосымша ақшасы болғаны жақсы. Ал неге мемлекеттің қазынасын тонауы керек. Мысалы, бір ғана Алматы облысында жыл басынан бері 19 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев 2021 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндағанда сөз болды. Жандос Жұмабаевтың айтқанына қарағанда, жыл басынан бері жедел-тергеу бағыты бойынша 84 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 66-ы жемқорлық фактісі бойынша орын алып отыр. Ауыр құраммен деп бағаланған 56 қылмыс, аса ауыр құрам бойынша 5 қылмыс тіркелген екен. Жалпы осы уақыт ішінде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 78,3% көрсеткішті құрап отырған көрінеді. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Жылдың жартысында ғана 19 тоғыз адам ұсталса, жыл аяғына дейін көрсеткіш қалай болмақ. Осы қарқын тоқтай ма, әлде жалғаса ма? Осы Алматы облысында жыл басынан бері қылмыстық жауапкершілікке тартылған 19 басшының құрамы мынандай екен. Облыстық маңызы бар алты мекеменің басшылары, аудандық деңгейдегі мекемелердің - жеті басшысы, қалалық деңгейдегі бес мекеменің басшылары, 1 ауылдық деңгейдегі басшы ұсталған. Сонда бұкіл облысты жемқорлық жайлап кеткен бе?

Оған қоса, есептік кезеңде «жүйелі» сыбайлас жемқорлықтың сегіз фактісі анықталған. Мемлекеттік кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 22 адам әшкереленген. Бұл не деген сыбайластық! Отыз бір қылмыстық іс қозғалып, 4 қыдмыстық іс қана сотқа жеткен. Ал қалғандары қайда? Бір адам ғана сотталған. Өзгелері не жазадан сытылып кеткен. Осыншама жемқорлықтан келген зиян 812,5 миллион теңге болған. Бірақ оынң дені мемлекетке қайтарылыпты. Бұл да анықтап, тексеретін факті. Алматы облысындағы бұл жемқорлық көбіне аудандық деңгейде басшыларға тиесілі болып отыр. Бір ғана Талғар ауданында мысалы бір жылда бірнеше басшы ауысты. Бәрі дерлік жемқорлыққа қатысты қызметінен кеткен. Бұл өзге облыстармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш болып отыр. Алматы облысындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқармасы жақсы жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шеенуніктер арасында, мемлекеттік қызметкерлер арасында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек сияқты. Бір жағы бұл қазіргі кезеңде ғана қажет қадам болуға тиіс. Өйткен імемлекеттік жауапты қызметке клеген адам өзінен өзі жемқорлық туралы ойламауы керек. Ондай дүниелерді айтпай-ақ түсінуге керекпіз. Ал әзірге осындай қадамдарға барғанымыз дұрыс. Мәселен, елордада Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» тақырыбында кіріспе семинар өткен болатын. Яғни мелекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлық десе, шаштары тік тұрып, шошуы тиіс. Мүлде қабылдамауы керек.

 «Adaldyq Alany» жобалық кеңсесі мен «Даму Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігерді дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткен семинардың спикерлері Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы Айжан Шайназарова және «Adaldyq Alany» жобалық кеңсесінің басшысы Тимур Жұмырбаев болған.

Бұл игі істі бастап, өткізген Қазақстан Руспубликасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының комплаенсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығының сарапшысы Айбек Қабылдин. Бұл аса маңызды семинарға квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметкерлері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының комплаенс қызметкерлері қатысқан. Өте дұрыс. Болашақ басшылар, менеджерлер осылар. Олар сыбайлас жемқорлықтың өздеріне зиян екенін түсінуі керек. Өзің ойлаған шаруаны өз деңгейінде іске асыру үшін жемқорлық мүлде болмауы тиіс. Әйтпеген жағдайда бәрі құриды. «2020 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының идеясы іске асырылып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде «комплаенс-қызмет« ұғымы құқықтық деңгейде бекітілді. Осы кезеңнен бастап мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында комплаенс-қызметтер құрылуда, олардың негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ұйымдарға адалдық принциптерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарын дағдыландыру және мемлекеттік органдардың басшыларына жұмыста көмек көрсету болып табылады», - деді Айжан Шайназарова.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа мүлде қарсы болу деген ұстаным ұстанды. Бұл мемлекет басшысының командасындағы әрбір адамға негіз болатын ұстаным. Қаншалаған өмір осы жемқорлықтың кесірінен күйрейді. Үй күйреген соң, мемлекет де аяғына тұра алмайды. Дамымайды. Ал халық қазынасын тонағандар – бәрібір жазасын алады.

Елдің еңсесін көтеру үшін жарқын бастамалар керек. Ондай бастамалар басшылық тарапынан үнемі көтеріліп келеді. Ал енді жемқорлық болған жерде бөлінген ақша тиісті орынға жетпегендіктен алға жылжу айтарлықтай болмайды. Елімізді ойласақ, жемқорлыққа жоламайық

Байланысты жаналықтар

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024
MalimBlocks
Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.