Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ол финалда 70.79 ұпай жинады

Мәди Саматұлы

  • 07.01.2025

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалда қазақстандық спортшы 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Жапониялық Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Мисе Курэа (66.63) иеленді.

Ал Юлия Феклистова – 13-орынды иеленсе, Анастасия Ларионова – 17-орын, Виктория Кузнецова – 18-орын, Юлия Мокина – 22-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде жеңіп алған еді. Ол параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар, 2024 жылғы әлем чемпионатында Городко могулда бірінші, параллель могулда екінші орын иеленген еді.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізіледі

26.04.2025

Қор нарығында теңге нығая түсті

25.04.2025

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

25.04.2025

Досаевпен кездесуде жанжал шығарған әйел «титушка» болып шықты

24.04.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

23.04.2025
MalimBlocks